Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу тәртібі, мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдар туралы ақпарат

Азаматтар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейлері және беделіне қатысты қосымша ақпараттарды (біліктіліктерін көтеру, ғылыми дәреже мен атақтарды беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер мен ұсыныстар т.б.) бере алады.

   Конкурсқа қажетті құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарының қалалық басылымдарында конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде тапсыру қажет.

Азаматтар құжаттарды құжат тігілетін мұқабаға салып, өз қолдарымен немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзіміне дейін тапсырады.

Азаматтар құжаттарды хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаның мекенжайына электронды түрде жібере алады.

Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы құжаттарын жіберген азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттардың түпнұсқаларын тапсырулары қажет.

Құжаттардың түпнұсқалары тапсырылмаған жағдайда тұлғалар әңгімелесуге жіберілмейді.