Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға тұрушы кандидатқа қойылатын талаптар

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары (педагогикалық, заңгерлік, мемлекеттік басқару, экономикалық)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Әкімшілік рәсімдер туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық, актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттік төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны қалыптастырудың Ережесі негізінде өткізіледі.