Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жалпы мәліметтер

Екібастұз қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

ЕкібастұзОрталықтандырылғанкітапханаларжүйесі(ЕОКЖ) –26 кітапхана, оныңішіндеОрталыққалалықкітапхана, Орталықбалаларкітапханасы, 8 қалалық, 3 балалар, 13 ауылдықкітапхана.

2002 жылдан бастап ЕОКЖ Қазақстан Республикасының Кітапханалар Ассоциациясының мүшесі.

16 кітапхана компьютерленді, оның ішінде 3 балалар, 5 ауылдық кітапхана, барлығы 38 компьютер жұмыс жасайды. ЕОКЖ – сі 2003 жылы «РАБИС» бағдарламасын алғаннан кейін автоматтандырылды.

2015 жылға дейін электронды каталогтың мәліметтер қорына 16276 жазба енгізілді,  мемлекеттік тілде – 4669, оның ішінде  кітаптар саны – 1483, мерзімді басылымдар – 7728, мемлекеттік тілде – 3186, толық мәтінді мәліметтер қоры – 800 мақала өлкетану бойынша, мемлекеттік тілде – 400.

2015 жылы ОКЖ жазылу бойынша 673 дана мерзімді басылым алады, оның ішінде мемлекеттік тілде - 440 дана.

Қызығушылықтар бойынша клубтар жұмыс жасауда: «Патриот» (№4 кітапхана), «Экос» (№ 2 балалар кітапханасы), «Ақылды үкі» (№3 балалар кітапханасы), «Кездесу» (Байет ауылдық кітапханасы), «Шаңырақ» (Бозшакөл ауылдық кітапханасы) және т.б.