Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

   

 

 

 

Қайырлы күн қадірлі қонақ! 

 

           Сізді Екібастұз тарихи – өлкетану музейінің сайтында  көргенімізге       қуаныштымыз.

        Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының бөлімшесі Екібастұз тарихи-өлкетану музейі-тарихи ескерткіштерді жинайтын, жүйелейтін, сақтап халыққа көрсететін қаламыздың мәдени-ағарту мекемесі болып саналады.

 

     Екібастұз тарихи-өлкетану музейі 1987 жылы Павлодар облысының Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің тарихи-өлкетану бөлімі болып құрылды.

      1997 жылы Екібастұз қаласының 40-жылдығына орай музейдің ресми ашылуы болып өтті.

       Музейде 10 зал жұмыс істейді (бір– көрме және 9 тұрақты).

    Экспозициялық залдарда Екібастұз таскөмірін өндірудің құрылуы мен даму тарихы бойынша, кенші Қосым Пішенбаевтың кен орнын ашқанынан бастап, қазіргі күнге дейін даңқы мен қайғылы беттері жайлы өте бай материалдар, сонымен қоса, Екібастұз аймағы территориясындағы ежелгі адамдардың бірінші еңбек құралдары мен тұрмыс заттарынан, қазақ халқының этнография заттарына және Павлодар Ертіс өңірінің фаунасына дейін тарихи материалдар көрсетілген.

   Көрме залында музей қорларынан сондай-ақ жеке коллециялардан, суретшілерің жеке көрмелері, көрме-сайыстар және т.б. көрсетілімдер өтеді.

     Сіз сайтта  музейдің қызметімен танысып, музейдің соңғы жаңалықтарын біле аласыз. Сіздердің назарларыңызға экспозициялар жөнінде, өткізіліп жатқан көрмелер туралы ақпараттар, ерекше экспонаттар ұсынылып отыр.

 

  

     

        

        

Қабырға

"Екібастұз өңірінің қасиетті жерлері" атты көрме ашылды - Жаңалықтар. Жаңалықтар
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2 ақпан Екібастұз қаласы Потанин атындағы…
Ағаш шебері Сергей Колокольцовтың "Мечты сбываются" көрмесі - Блоговые страницы. Көрмелер
Ағаш шебері Сергей Колокольцовтың
Көрме залында суретші, ағаш шебері, «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің шеңбері…
"Ұлы Жібек жолы-Адамзаттың ұлы жетістігі" атты тарихи сабақ - Жаңалықтар. Жаңалықтар
23 қараша Атығай ауылдық мектебінің 7 сынып оқушылары "Ұлы Жібек жолы-Адамзаттың ұлы жетістігі" атт…
«Ел еңсесін көтерген Елбасы» көрмесі - Жаңалықтар. Жаңалықтар
«Ел еңсесін көтерген Елбасы» көрмесі
22 қараша Тұңғыш Президент Күніне және Қазақстан Тәуелсіздігіне, сондай – ақ ел Астанасының ауысуыны…