Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жаңалықтар : Хабарландырулар
««САУАТТЫ ЖАРНАМА - ҚАЛА КЕЛБЕТІ » қалалық акциясы»
Автор: Отдел культуры
16-05-2018 11:34
«САУАТТЫ ЖАРНАМА - ҚАЛА КЕЛБЕТІ » қалалық акциясы
«САУАТТЫ ЖАРНАМА - ҚАЛА КЕЛБЕТІ » қалалық акциясын өткізу туралы ЕРЕЖЕ Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған қалалық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «САУАТТЫ ЖАРНАМА  - ҚАЛА КЕЛБЕТІ» қалалық акциясын жариялайды. Акцияны өткізу мерзімі:2018 жылғы 20 мамыр мен 20 маусым аралығы. Мақсаты: - ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін көрнекі ақпараттардың мәтініндегі қателерді анықтау; - Қаладағы жарнамаларды сауатты рәсімдеу мәселелеріне қоғамның назарын тарту; - Көрнекі ақпараттардың мәтіндеріндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді болдырмау. Акцияның талаптары: - Фотосуреттер сапалы және айқын түсірілуі керек. - Қатесі бар жарнамада (фотосуретте) нысанның атауы мен мекенжайы көрсетілуі тиіс.  Акцияның шарттары: Акция үш кезеңнен тұрады: 1-кезең.2018 жылғы 20мамырмен 15маусымаралығында акцияға қатысушылар қала аумағында орналасқан рәсімделуі тіл заңнамасына сәйкес келмейтін немесе қателері бар жарнамаларды  фотосуретке түсіріп, Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің электронды поштасына (kultura2014@bk.ru)ұсынулары қажет. 2-кезең.2018 жылғы 16-18 маусымаралығында ұсынылған фотосуреттерді ереже талаптарына сәйкестігін қарау, талдау, қорытындысын шығару жұмыстары жүргізіледі. Акцияның қорытындысын тіл мамандарынан құралғанкомиссия құрамы шығарады. 3-кезең. Марапаттау. Акцияның белсенді қатысушылары алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталатын болады. Мекенжайымыз:Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесі, 62-үй, 422-кабинет. Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Байланыс телефоны: 74-13-01 Электронды пошта: kultura2014@bk.ru
««Тақиялы періште» фильмін тамашалауға шақырамыз.»
Автор: Отдел культуры
05-04-2018 15:02
«Тақиялы періште» фильмін тамашалауға шақырамыз.
Қазақ киносын жаңғырту және дәріптеу, сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Екібастұз қаласының тұрғындары үшін «Қазақфильм» киностудиясының алтын қорындағы көркем фильмдердің тегін көрсетілімін жалғастырып отыр. Барлықтарыңызды аталмыш жобаның кезекті көрсетілімі, кеңес уақытында түсірілген қазақ комедиясы «Тақиялы періште» фильмін тамашалауға шақырамыз. Көрсетілім 13 сәуір сағ. 16.00-де «Өнер» ҚМО үлкен залында өтеді. Келіңіздер, көріңіздер!
«Құрметті_______________________!»
Автор: Отдел культуры
10-10-2017 11:05
Құрметті_______________________!             Сізді 2017 жылдың 12 қазаны күні сағат 15.00.-де орталық кітапханада қаланың төменде берілген кейбір көшелерін қайта атау бойынша өтетін қоғамдық тыңдалымына қатысуды сұраймыз: 1) 70 лет ВЛКСМ көшесін Болашақ көшесіне; 2) Декабристтер көшесін мемлекет қайраткер, әскери қолбасшы Кеңесары Қасымовтың көшесіне; 3) Комиссаров көшесін Сарыарқа көшесіне; 4) Крупская көшесін Ынтымақ көшесіне; 5) Молодогвардейцев көшесін қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың көшесіне; 6) Октябрьская көшесін қазақ ақыны, жазушысы, философы және композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіне; 7) Октябрьский өтпе жолын Береке өтпе жолына; 8) Пионерская көшесін қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың көшесіне; 9) Советов көшесін қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі Күләш Байсеитованың көшесіне; 10) Западная көшесін - майор Ерғанат Көшербаевтың есімімен («А» арнаулы қызметінің орталық нұсқаушысы, 2 дәрежелі «Айбын» орденімен (қайтыс болғаннан кейін марапатталған).   Ұйымдастыру комитеті
«Теориядантәжірибеге»
Автор: Отдел культуры
29-08-2017 05:38
Теориядантәжірибеге
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 2017 жылдың 26 тамызы күні қазақ тілінің курстарынан өткен өзге ұлт өкілдерінің Екібастұз ауданына қарасты қасиетті Ақкөл жайылма жеріне көшпелі семинары ұйымдастырылды. Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен жүзеге асырылып отырған аталмыш семинардың мақсаты мемлекеттік тіл арқылы туған өлкенің тарихымен танысу. Семинар қатысушылары әулиелі Ақкөл ауылының көз тартар жерлерін аралап, қыран құс пен тазыларды баптайтын осындағы құсбегі Елдос Асылғазының өнеріне тәнті болды. Бір күндік семинардың жұмысы Ислам дінінің ақ жолына тәрбиелеуге ерен еңбек сіңірген дін қайраткері Исабек ишанның кесенесіне барумен аяқталды. Көшпелі семинардың қатысушыларына жақын арада Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі, Торайғыр ауылы және Шарбақты ауданы бағыттары бойынша басқа маршруттар ұсынылатын болмақ. 
«Шахтер күнін мерекелеу бағдарламасы»
Автор: Отдел культуры
23-08-2017 10:07
  25 тамыз(жұма) Уақыты Іс-шараның атауы Өткізілетін орны 09.30 Қосым Пшембаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі Қ.Пшембаев ат. саябақ 10.00 Даңқ аллеясына гүл шоқтарын қою рәсімі және митинг  «Шахтер»мәдениет және демалыс саябағы 11.00 Шахтер күніне арналған салтанатты іс-шара және мерекелік концерт «Өнер»ҚМО 14.00  «Кенші еңбегін даңқты етеміз»атты кездесу кеші Тарихи-өлкетану музейі 14.00  «Қара алтын кенішінде»бейне-шолуы Орталық кітапхана 17.00  «Кеншілер мақтанышым»мерекелік бағдарламасы Ауылдық клубтар 18.00  «Екібастұз – қазақстандық көмірдің астанасы»атты жастар бағдарламасы – акция-байқауы «Шахтер»мәдениет және демалыс саябағы 19.00  «Шахтер вальсы»атты би кеші «Шахтер»мәдениет және демалыс саябағы 21.00 «Шахтерский огонек»атты көмір өнеркәсібі жастар көшбасшыларының оттың жанындағы формалды емес кездесуі «Шахтер»мәдениет және демалыс саябағы 26 тамыз(сенбі) Уақыты Іс-шараның атауы Өткізілетін орны 10.00. 2400 м қашықтығында «Президенттікми…
«Ұлы ақынға тағзым жасалды»
Автор: Отдел культуры
11-08-2017 05:37
Ұлы ақынға тағзым жасалды
  10 тамыз күні қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 172 жыл толды. Осыған орай Екібастұз қаласында Абайды еске алу кеші өтті. Абай Құнанбаевтың ескерткіші алдында өткізілген іс-шараға мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, оқу орындарының студенттері және мектеп оқушылары белсене қатысты. Кеш барысында қатысушылар ақынның қаламынан туған өлеңдері мен қара сөздерін паш етті. Бұл күнгі іс-шара қатысушылардың жаппай орындауындағы «Желсіз түнде жарық ай» әнімен тәмәмдалды. 
««Абай оқулары» облыстық байқауы»
Автор: Отдел культуры
11-08-2017 04:38
«Абай оқулары» облыстық байқауы
  2017 жылғы 9 тамызда Павлодар қаласында «Колос» мәдени-сауық орталығында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы және «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» шеңберінде «Абай оқулары» байқауы өткізілді. Шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген жастардың құштарлығын арттыру. Абай шығармаларын оқу арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында өткен байқауға 17 мен 29 жас аралығындағы қала, аудандардың жеңімпаздары қатысты.  Байқау шартына сәйкес үміткерлер Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасы мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа және Абайдың әндерін орындаудан тартысқа түсті. Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, көрермендер алдында өзін-өзін ұстау мәдениетіне баса назар аударды. Нәтижесінде I орынды Екібастұз қаласының үміткеріДмитрий Угрюмов, II орынды Май ауданының қатысушысы Ксения Ронде және III орынды Баянауыл ауданының үміткері Румиса Мержоева иеленді. Барлық қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар жәнебағалы сыйлықтар табыс етілді. 
«Торайғыр көлінің жағасында «Тіл керуені» жобасы аяқталды»
Автор: Отдел культуры
07-08-2017 09:33
Торайғыр көлінің жағасында «Тіл керуені» жобасы аяқталды
  Көк құрақты Торайғыр көлінің жағасында мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған «Тіл керуені» жобасы үлкен фестивальмен аяқталды. Аталмыш фестивальде жалпы Ертіс өңірінен 100-ге жуық қатысушы бас қосты. Ақ күмбезді киіз үй мен алтыбақан құрған, қызықты концерттік бағдарлама әзірлеген, сонымен қатар сазбен және ағашпен жұмыс істеу мастер-кластарын ұйымдастырған екібастұздықтарға «Тіл керуені» фестивалінің қатысушылары мен қонақтары ерекше тәнті болды. Жалпы 9 киіз үйден тігілген этноауылдың құрметті мейманы ретінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов шақырылды. Ашық аспан аясында қазандарда қазақ халқының ұлттық тағамдары бауырсақ пен сірне дайындалса, қылқалам шеберлері Баянауыл табиғатының сұлулығын бейнеледі. «Тіл керуені» жобасы Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен, оқыту-әдістемелік және электрондық оқулықтар авторы Шолпан Кинжикованың ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – түрлі санаттағы азаматтар арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді оқыту. Енді екібастұздықтар «Ұлы дала елі» атты облыстық фестивальге қызу дайындық үстінде. 
«Қазақ тілін үйренейік »
Автор: Отдел культуры
02-08-2017 05:43
Қазақ тілін үйренейік
  Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Екібастұз қаласында азаматтық тұлғаларды қазақ тіліне үйрету жөніндегі курстар аяқталуға жақын. Биылғы жылы тегін курстарға қатысам деушілердің саны 90 адамды құраған. Аталмыш курстардың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау және қазақша сауатты сөйлегісі әрі жазғысы келетін азаматтарды біріктіру. Мемлекеттік тілді тегін оқыту жөніндегі курстар білікті оқытушылармен тұрақты түрде жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұйымдастырушысы – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. 
««ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНЕ» ШАҚЫРАМЫЗ »
Автор: Отдел культуры
02-08-2017 04:59
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНЕ»  ШАҚЫРАМЫЗ
  2017 жылғы 12-13 тамыз аралығында Павлодар облысында «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» фестивалінің мәдени-спорттық, рухани-ағартушылық іс-шаралар кешенін өткізу жоспарлануда. Осы күндері маңызды ойын-сауық бағдарламалар өткізіліп, этноауыл бой көтереді. Әр қала мен ауданнан 100 киіз үй орнату жоспарлануда. Екібастұз қаласынан 10 киіз үй тігіледі. Фестивальге Павлодар облысының шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Екібастұз қаласының ұжымдары, Алматы мен Астанадан қазақ эстрадасының жұлдыздары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері «МУЗАРТ» тобы, Төреғали Төреәли, «ҰЛЫТАУ» тобы қатысады. «JADO» /Жадыра Сахиева/ брэндінің атақты дизайнерімен арнайы дайындалған «Бес ғасыр бұрынғы көшпелі елдің киім тарихы» атты 50 қазақ ұлттық киімдерінің дефилесі жоспарлануда. Сонымен қатар фестивальге Қытайдан, Қырғызстаннан, Өзбекістаннан, Моңғолия мен Ресейден қонақтар шақырылды. Жаяу Мұсаның күйі 300 домбырашының қатысуымен алғаш рет орындалады. Фестиваль аясында зергерлік бұйымдар, қазақ халық аспатары, көшпелі елдің жабдықтары, қазақ халқының ұлттық киімдері, ертедегі қазақтардың үй әбзелдері, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекістан, Ресей сияқты 6-7 елден келген қолөнершілердің киіз үйдің ішкі жабдықтары Халықаралық көрмесі өткізіледі.  Фестиваль қонақтарына саумалдан дәм татқызылады. Қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша мастер-класстар: қоспа, құрт, ірімшік, қуырдақ, қазы-қарта, жал-жая, бауырсақ т.б. Қымыз бен шұбат құю үшін арнайы автоматтар орнатылатын болады. Көшпелі елдің ертедегі дәстүрлері арқылы қымыз әзірлеу бойынша мастер-класс. Аудандар арасында бауырсақ әзірлеу бойынша байқау өткізіледі. Екібастұздықтарды аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз.   Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Сәрсенбі – Мемлекеттік тілде сөйлеу күні»
Автор: Отдел культуры
01-08-2017 04:31
Сәрсенбі – Мемлекеттік тілде сөйлеу күні
  Тіл – әр халықтың басты рухани байлығы, оның баға жетпес қазынасы. Тұратын елдің мемлекеттік тілін білу және құрметтеу әр азаматтың асыл парызы болып табылады. Қала әкімі Қ.Нүкеновтің тапсырмасына сәйкес Екібастұз қаласында әр сәрсенбі күні «Бүгін мемлекеттік тілде сөйлейміз!» атты акция өткізілуде. Мемлекеттік тілді одан әрі дамыту әрі насихаттауға бағытталған аталмыш қалалық акцияны мемлекеттік мекемекелер мен жергілікті кәсіпорындар толығымен қолдап отыр. 
«Бізді біріктірген «Тіл керуені»»
Автор: Отдел культуры
31-07-2017 11:16
  «Тіл керуені» жобасының екібастұздық қатысушылары мен көркемөнерпаздар ұжымдары биылғы тамыздың 4-6 аралығында сұлу Торайғыр көлінің жағасында өткізілетін облыстық фестивальге қызу дайындық үстінде. Аталмыш жобаның мақсаты – жастар мен азаматтардың өзге санаттары арасында мемлекеттік тілді насихаттау, сонымен қатар қазақ тілін үйренемін деушілерге тілдік ортаны қалыптастыру. Жобаның ұйымдастырушысы – оқу-әдістемелік құралдар мен электрондық оқулықтардың әзірлеушісі Шолпан Кинжикова. Осы күндері Ертіс өңірінің әр ауданы мен қаласынан күмбезді киіз үйлерден тігілген этноауыл бой көтеріп, мәдени және рухани-ағартушылық іс-шаралар кешенінің өткізілуі жоспарланған. Барлық алаңдарда қатысушыларға қазақ халқының тұрмысын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін және фольклорын көрсететін мастер-класстар өткізіледі. Облыстық фестиваль үлкен концерттік бағдарламаға ұласатын болады. 

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 соңғысы