Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНЕ»  ШАҚЫРАМЫЗ

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНЕ» ШАҚЫРАМЫЗ

02-08-2017 04:59

 

2017 жылғы 12-13 тамыз аралығында Павлодар облысында «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» фестивалінің мәдени-спорттық, рухани-ағартушылық іс-шаралар кешенін өткізу жоспарлануда. Осы күндері маңызды ойын-сауық бағдарламалар өткізіліп, этноауыл бой көтереді. Әр қала мен ауданнан 100 киіз үй орнату жоспарлануда. Екібастұз қаласынан 10 киіз үй тігіледі.

Фестивальге Павлодар облысының шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Екібастұз қаласының ұжымдары, Алматы мен Астанадан қазақ эстрадасының жұлдыздары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері «МУЗАРТ» тобы, Төреғали Төреәли, «ҰЛЫТАУ» тобы қатысады.

«JADO» /Жадыра Сахиева/ брэндінің атақты дизайнерімен арнайы дайындалған «Бес ғасыр бұрынғы көшпелі елдің киім тарихы» атты 50 қазақ ұлттық киімдерінің дефилесі жоспарлануда.

Сонымен қатар фестивальге Қытайдан, Қырғызстаннан, Өзбекістаннан, Моңғолия мен Ресейден қонақтар шақырылды.

Жаяу Мұсаның күйі 300 домбырашының қатысуымен алғаш рет орындалады.

Фестиваль аясында зергерлік бұйымдар, қазақ халық аспатары, көшпелі елдің жабдықтары, қазақ халқының ұлттық киімдері, ертедегі қазақтардың үй әбзелдері, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекістан, Ресей сияқты 6-7 елден келген қолөнершілердің киіз үйдің ішкі жабдықтары Халықаралық көрмесі өткізіледі. 

Фестиваль қонақтарына саумалдан дәм татқызылады. Қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша мастер-класстар: қоспа, құрт, ірімшік, қуырдақ, қазы-қарта, жал-жая, бауырсақ т.б. Қымыз бен шұбат құю үшін арнайы автоматтар орнатылатын болады. Көшпелі елдің ертедегі дәстүрлері арқылы қымыз әзірлеу бойынша мастер-класс. Аудандар арасында бауырсақ әзірлеу бойынша байқау өткізіледі.

Екібастұздықтарды аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Автор: Отдел культуры