Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Торайғыр көлінің жағасында «Тіл керуені» жобасы аяқталды

Торайғыр көлінің жағасында «Тіл керуені» жобасы аяқталды

07-08-2017 09:33

 

Көк құрақты Торайғыр көлінің жағасында мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған «Тіл керуені» жобасы үлкен фестивальмен аяқталды. Аталмыш фестивальде жалпы Ертіс өңірінен 100-ге жуық қатысушы бас қосты. Ақ күмбезді киіз үй мен алтыбақан құрған, қызықты концерттік бағдарлама әзірлеген, сонымен қатар сазбен және ағашпен жұмыс істеу мастер-кластарын ұйымдастырған екібастұздықтарға «Тіл керуені» фестивалінің қатысушылары мен қонақтары ерекше тәнті болды.

Жалпы 9 киіз үйден тігілген этноауылдың құрметті мейманы ретінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов шақырылды. Ашық аспан аясында қазандарда қазақ халқының ұлттық тағамдары бауырсақ пен сірне дайындалса, қылқалам шеберлері Баянауыл табиғатының сұлулығын бейнеледі.

«Тіл керуені» жобасы Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен, оқыту-әдістемелік және электрондық оқулықтар авторы Шолпан Кинжикованың ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – түрлі санаттағы азаматтар арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді оқыту. Енді екібастұздықтар «Ұлы дала елі» атты облыстық фестивальге қызу дайындық үстінде. 

Автор: Отдел культуры