Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Құрметті_______________________!

10-10-2017 11:05

Құрметті_______________________!

            Сізді 2017 жылдың 12 қазаны күні сағат 15.00.-де орталық кітапханада қаланың төменде берілген кейбір көшелерін қайта атау бойынша өтетін қоғамдық тыңдалымына қатысуды сұраймыз:

1) 70 лет ВЛКСМ көшесін Болашақ көшесіне;

2) Декабристтер көшесін мемлекет қайраткер, әскери қолбасшы Кеңесары Қасымовтың көшесіне;

3) Комиссаров көшесін Сарыарқа көшесіне;

4) Крупская көшесін Ынтымақ көшесіне;

5) Молодогвардейцев көшесін қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың көшесіне;

6) Октябрьская көшесін қазақ ақыны, жазушысы, философы және композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіне;

7) Октябрьский өтпе жолын Береке өтпе жолына;

8) Пионерская көшесін қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың көшесіне;

9) Советов көшесін қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі Күләш Байсеитованың көшесіне;

10) Западная көшесін - майор Ерғанат Көшербаевтың есімімен («А» арнаулы қызметінің орталық нұсқаушысы, 2 дәрежелі «Айбын» орденімен (қайтыс болғаннан кейін марапатталған).

 

Ұйымдастыру комитеті

Автор: Отдел культуры