Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

"Екібастұз өңірінің қасиетті жерлері" атты көрме ашылды

05-02-2018 18:29

       "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2 ақпан  Екібастұз қаласы Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи өлкетану музейінің "Тамыры терең туған жер " жобасының шымылдығын ашты. Жоба шеңберінде Екібастұздың тарихы және жетістігі, оның қасиетті жерлерімен таныстыратын "Екібастұз өңірінің қасиетті жерлері" атты көрме ашылды.
        Көрменің тұсау кесеріне Ақкөл Жайылма өңірінің зиялы азаматтары, Исабек ишан бабамыздың ұрпақтары, Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Райымбеков, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Жумабаева қатысты. "АТАМҰРА" мәдениет орталығының шығармашылық тобының орындауында "Ақкөлім" (Ж.Қабыкенов) және "Туған жерім тамаша" ("Мирас" тобы) әндері шырқалды.