Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Таңғажайып глобус»

«Таңғажайып глобус»

25-01-2018 15:40

Орталық балалар кітапханасы өткізген кітап тұсаукесеріне облыстық көптілді, көпсалалы дарынды балаларға арналған лицейдің, №25 қазақ қыздар гимназиясының және №26 гимназияның оқушылары шақырылды.

Шара басында Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы А.Қ Сүлейменова Рауза Мұсабаеваның шығармашылығымен қатысушыларды таныстырып өтті. Содан соң Рауза Молдайыпқызы балаларға неміс балалар әдебиеті туралы, «Таңғажайып глобус» кітабына енген ертегілер жайлы  баяндады. Шара барысында жас оқырмандар өздерің қызықтырған сұрақтарды кеш қонағына қойып, «Сұрақ – жауап» ойының ойнады.

Автор: Кітапхана жүйесі