Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

"Есіңе мені алғайсың" әдеби-жыр кеші

09-02-2018 18:03

     Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. 9 ақпан күні «Атамұра» мәдениет орталығында қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-жыр кеші өтті. Кеште оқылған ақынның өлеңдері мен әндері ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялатты. Мәдени шараға орталық өнерпаздарымен бірге ЕКИНЕУ, ЕИТИ, ЕКИТИ студенттері, Құлакөл, Төртүй ауылдарының жас өнерпаздары қатысып, орталық директоры Н.Е. Төлеубаевадан  алғыс хаттар алды. 

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы