Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

"Найзатас" облыстық журналымен кездесу!

13-02-2018 16:20

     13 ақпан күні сағат 12.00 – де «Атамұра» мәдениет орталығында облыстық «Найзатас» журналының бас редакторы және журналистерімен «Мөлдір муза» атты еркін форматта жас қаламгерлермен кездесу кеші  ұйымдастырылды. Шараға ЕКИНЕУ, №2, №22 мектеп гимназияларының  қазақ тілді, әдебиетке, ақындыққа бейім студенттері мен оқушылары қатысты. Қатысушылар көркем әдебиетке тереңінен бойлап, өздерінің өлеңдерін оқып, ақындардың ақыл-кеңестерін тыңдап, жақсы рухани азық алды.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы