Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Музейдің құрылу тарихы

       1900 ж. Воскресенск тау-кен өндіріс қоғамының басқармасы Петербург қаласы тау-кен институтының профессоры, минералогия бойынша белгілі маман31bbe328121236e7558d52b59c12903c-full.jpg Евграфа Степанович Федоровты шақырды. Келісім шартқа сәйкес ол аймақтың геологиялық картасын құрастыру және өзге де жұмыстарды орындауы қажет еді. Федоров тапсырманы орындады, оған қоса, өзі жинаған минералдар мен көмір үлгілері көрсетілген Крещенский руднигінде тау-кен музейін құрды.

        Қаланың ескі тұрғындарының айтуы бойынша, 1959 жылы Екібастұзда өз тарихи-өлкетану музейін құруға ұмтылды. Бұл талпыныс сәтсіз 27b4a44187807e68c504856dea65d203-full.jpgболды. Бұл ойға 1973 жылы «Иртышуглестрой» трестінің 25-жылдығын тойлаған кезде қайта оралды. Көмір кен орнын өңдеудің басталуына және қала құруға қатысты ондаған құжаттар жиналды.  Музейдің ашылуында қызыл лентаны қаланың белгілі кеншісі  Николай Романович Колотев кесті, ал қоғамдық бастауларда музейге басшылық етуге қаламыздың тұрғыны Василий Иванович Лихолетов келісті. Ескерте кететіні, бұл музей қазіргі музей ғимаратына қарсы, сол Горняков көшесінде орналасқан.d08772888c541750fcc505c8e1ee9127-full.jpg

        Екібастұз тарихи-өлкетану музейі 1987 жылы Павлодар облысының Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің тарихи-өлкетану бөлімі болып құрылды.

       Бөлім құрылғаннан бастап онда меңгеруші және ғылыми қызметкер болып екі адам ғана жұмыс істеді. 1995 жылға дейін музей темір жол вокзалының ғимаратында, кейін 14-ші шағын c0a252ddd0bddfb096257795ca545675-full.jpgауданындағы әскери комиссариат ғимаратында, одан Машһүр Жүсіп көшесіндегі  Орталық кітапхана ғимаратында орналастырылды.

       Екібастұз қ. әкім аппаратының мәдениет бөлімінің бастамасы бойынша, қала басшылығы мен жұртшылығының қолдауымен, жебеушілік меценат көмегімен және Екібастұз қ. Әкімінің «№7 балабақша ғимаратын тарихи-өлкетану музейіне қайтақұру туралы» 23 сәуір 1996 жылдан №35-р  Қаулысы негізінде Горняков 34adeda6f343eddab35652d7bccb2cf0bd-full.jpg орналасқан №7 балабақша ғимараты музейге берілді. 1997 жылы Екібастұз қаласының 40-жылдығына орай музейдің ресми ашылуы болып өтті.

        2005 - 2015 жылдары музей мемлекеттік басқаруын Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жүзеге асырды.    Павлодар облысы әкімдігінің   қаулысының негізінде  «Екібастұз тарихи-өлкетану музейі» КМҚК   қайта ұйымдастырылып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК бөлімшесі болып табылады.         

     Музейдің жалпы көлемі - 775, 8 шаршы метр, сонымен қоса, экспозициялық залдардың  көлемі - 339,3 шаршы метр,қор сақтау бөлмесінің көлемі - 66,1 шаршы метр,көрме залының көлемі   – 88 шаршы метрді құрайды.

 

 89c104123a2a667046ceac40ea60a980-full.jpg1 сәуір 2019 жылы музей жинағының негізгі қоры 29588 бірлікті құрайды. Қорда тас, қола, ерте темір дәуірінің археологиялық коллециялары бар. Одан келесідей коллекциялар жалғасады: қазақ халқының сәнді-қолданбалы шығармашылық бұйымдары, нумизматика, фолеристика, бонистика, самауырлар коллециясы және 1940-1960 жж. аралығындағы шілтер бұйымдары.

         Музейде 10 зал бар (бір көрме және тоғыз экспозициялық):

-  Академик Ә.Марғұлан атындағы археология және этнография;

-  ХІX ғасырдың соңындағы шахта диорамасы;

-  Қазақстан халықтарының этнографиясы;

-  Революцияға дейінгі және революциядан кейінгі Екібастұз тарихы;

-  Павлодар Ертіс өңірінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі;

-  Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы;

-  Репрессия;

-  Екібастұздың қазіргі тарихы;

-  Тәуелсіз Қазақстан тарихы.      

      Экспозициялық залдар Шідерті 3 тас ғасырындағы, көне тас ғасырындағы Ангренсор, Майсор тұрақтарындағы, қола дәуірінің Ақ-бидайық қоныстарынан, темір дәуірі Тасмола мәдениетінің  Майкөбе обасынан ұсынылған  көне тас ғасырынан ерте көшпенділер тарихына дейінгі өлке тарихы археологиялық қазба материалдарымен; қазақ халқының материалды және рухани белгілерімен; баянауылдық кентанушы Қосым Пішенбаевтың  Екібастұз тас көмір орнын ашуымен; Екібастұз қаласының қалыптасуы мен даму тарихымен соның ішінде әйгілі тұлғалар, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің «Богатырь» кеніші, «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының «Восточный» кеніші,    Б. Нұржанов атындағы МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2 стансаларымен, Екібастұздың қайғылы тарих беттерінен  - Қазақстандағы саяси қуғын сүргінге ұшыраған адамдар;    Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және тәуелсіз демократикалық мемлекеттің қалыптасуындағы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлімен таныстырады.

      Музейде кез келген санаттағы келушілерге қазақ және орыс тілдерінде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі.  

     Бұқаралық-ағарту жұмыстары туған өлкесінің тарихын сүюге, патриоттық сезімін тәрбиелеуге, Екібастұз өңірінің дарынды, шығармашылық адамдарымен таныстыруға бағытталған: сабақтар мен экскурсиялар, дәрістер, шеберлік сыныптарын, кездесу кештер ынтымақтастықта болатын білім берудің барлық деңгейіндегі оқу орындарымен және қоғамдық бірлестіктерімен ұйымдастырылады.

   Кітап баспасы қызметінің үлкен маңызы бар. Музей «Екібастұз» энциклопедиясы, «Екібастұз өлең өрінде»  атты Екібастұз өңірі ақындарының өлеңдер жинағы, «Война. Годы. Память» кітабы, «ART Шашу» қолданбалы сәндік өнер шығармашылығы альбомы, "Хронограф Экибастуза.1957-2017" кітабы, "Первый художник Экибастуза" каталогы баспаға шығарылды.

     Екібастұздың көрікті жерлерімен, соның ішінде «Богатырь» көмір кенішімен таныстыру мақсатында музей автобусты және жаяу жүргіншілер экскурсиясын өткізеді.

       Ақкөл ауылдық округіндегі «Исабек Ишан Хазрет» мемориалды музейінің, «Богатырь Көмір» ЖШС «Кеншілер даңқы» музейінің  тақырыптық-экспозициялық жоспардың құрастырушысы болып табылады. 

        Екібастұз қаласында жалғыз көрме зал болып табылатын музейдің көрме  залында   музей коллекциялық тұсаукесері; Ақтөбе, Павлодар, Екібастұз қалаларының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жеке коллекциялар көрмелері;  алматылық, павлодарлық, екібастұздық  фотосуретшілердің фотокөрмелері өтеді.

       Музейаралық ынтымақтастық шеңберінде Ақмола облысы, Ерейментау кентіндегі Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейімен, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейімен, академик Қ. Сәтпаев атындағы Баянауыл мемориалды музейімен бірге серіктестік жобалары жүзеге асырылған.

    Музей қызметіндегі аса маңызды оқиғалар болып Ұлы Британия Біріккен корольдігінің және Солтүстік Ирландияның Төтенше және Уәкілетті  Посолы Пол Браммелдің (2008 ж.), Монғолияның «Баян Өлгей» жеріндегі қазақтар делегациясының (2008 ж), Корея делегациясының (2009 ж.), Польшаның Қазақстандағы посолы Павел Чеплактың (2010ж.), академик Әлкей Марғұланның қызы Данель Марғұланның (2011 ж.) келуі болды.        

     Музей қызметі мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі Комитеті, Павлодар облысының мәдениет Департаменті, Павлодар облысының Білім Департаменті, Павлодар облысының ардагерлер Кеңесі, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының алғыс хаттарымен және дипломдарымен  марапатталды.

      Мекен-жай: Қазақстан  Республикасы,  Павлодар  облысы 141200 Екиібастұз қаласы, Кеншілер көшесі 34, факс/тел.: 8(7187)752892, 222698

         Электронды пошта: ekb_museum@mail.ru

          Сайт: cultura-ekb.gov.kz

         Бөлімше басшысы Ордабаева Салтанат Қаржаубайқызы