Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

             Екібастұз тарихи-өлкетану музейі келесі қызмет түрлерін ұсынады:

1)    Музей көрмелері мен экспозициялары бойынша шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізу;

2)    Түрлі санаттағы халық үшін Екібастұз аймағының тарихы бойынша кеңес;

3)    Мекемелерде, оқу орындарында, балалар үйлерінде Екібастұз аймағының тарихы бойынша жылжымалы көрмелер және дәрістер ұйымдастыру;

4)    Кәсіпорындарда жұмыс істеп тұрған музейлерге, мектеп музейлеріне әдістемелік көмек көрсету;

5)    Павлодар облысының суретшілері, мүсіншілері, сәнді-қолданбалы шығармашылық шеберлерінің жеке көрмелерін ұйымдастыру;

6)    Музейдегі маңызды оқиғалар туралы баспасөз бетіне, радио және телеарналар арқылы ақпарат: көрмелердің және жаңа экспозициялардың ашылуы, қор материалдарының келіп түсуі, раритет экспонаттар мен коллекцияоарды сақтау, ғылыми экспедициялардың нәтижелері;

7)    Екібастұз аймағының жалпы Қазақстан Республикасының белгілі жерлестермен, ғылым және мәдениет саласы өкілдерімен кештер, кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

8)    Қаланың назар аударарлық жерлеріне бара отыра қала бойынша экскурсия ұйымдастыру («Богатырь» разрезі, мешіт, православиялық шіркеу).