Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Достық Үйі

2003 жылы Екібастұз қаласында «Достық Үйі» ашылды. Қазіргі уақытта бір шаңырақ астында 12 этномәдени өз жұмысын атқаруда:

 

1)    Мұсылман әйелдер Лигасы;

2)     «Возрождение»неміс этномәдени бірлестігі;

3)     «Братство»славян этномәдени бірлестігі  ;

4)     «Вайнах»шешен-ингуш этномәдени бірлестігі  ;

5)     «Шатлык»татар-башқұрт этномәдени бірлестігі  ;

6)     «Полония»поляк этномәдени бірлестігі   ;

7)     «Азірбайжан»азірбайжан этномәдени бірлестігі  ;

8)     «Чосон»этномәдени бірлестігі  ;

9)    «Світанок»украин  этномәдени бірлестігі;

10) «Бэяхад» еврей этномәдени бірлестігі;

11) «Узбекистон» узбек этномәдени бірлестігі;

12) «Беларусь» беларус этномәдени бірлестігі.   

     

      Екібастұздықтар үшін үлкен мәнге ие Достық Үйіне бүгінгі күні 2000 астам түрлі ұлт өкілдері тұрақты келіп, бірлестіктермен қоян-қолтық жұмыс жасап тұрады. Атап өтерлігі, мұнда келушілердің басым бөлігі- жастар. Біздің жастарымыз қала және облыс көлемінде өткізілген шаралардың барлығына қызығушылықпен қатысады. Олардың бос уақыттарын тиімді өткізулері үшін дөңгелек устел отырыстары, өнер кештері мен табиғат аясына саяхат жасау сынды шараларды жие ұйымдастырып тұрамыз. Сол арқылы әр ұлттың жастары бірін-бірі танып - біліп, достық қарым-қатынастарын нығайтуларына ықпал етеміз.

       Мәдени ошақтарының міндеті жасөспірім балалардың арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу, рухани, имандылық, және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.