Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Атамұра» мәдениет орталығы

Орталық 1993 жылы 16 желтоқсанда құрылды. «Атамұраның» негізгі қызметі - қазақ халқының ұмытылып бара жатқан озық салт-дәстүрлерін, тарихы мен мәдениетін, тілін, ұлттық өнерін насихаттау. Екібастұз ауылдық аймағында орталыққа қарасты 16 ауылдық клуб қызмет етеді. Барлық клубтарда әр түрлі бағытта үйірмелер, вокалдық топтар, ансамбльдер жұмыс жасауда.

«Атамұра» МО дәстүрлі түрде  «Ғасырлар сарыны»,«Жігіт сұлтаны», «Жас талап», «Ақ босаға», «Тазша бала»,  «Қазақтың келіндері-ай» байқауларын аймақтық деңгейде өткізуде. Сонымен қатар  қазақ халқының тарихы мен мәдениетін құрметтеп, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттайтын  «Киелі кимешек», «Әужар», «Тұсаукесер» шаралары, жастарды  тарихи құндылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу, елге сыналай кірген түрлі діни ағымдардың жат пиғылынан жастарды қорғау мақсатында «Селт еткізер сезім» шарасы, «Ауылдағы думан» қала жастарының ауыл жастарына арнаған ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып өткізеді.   Қазақ  өнерінің әлеуметтік жүгі мол айтыс өнерінің дамуына орталық өз үлесін қосуда. Айтыс өткізуде мол тәжірибе жинаған «Атамұра» ұжымы  аймақтық, республикалық айтыстар  өткізуде.

Орталықта «Ақсақалдар әділқазылығы қоғамдық бірлестігі», «Шабыт» әдеби –бірлестігі,- жетекшісі Ж.Қоғабай, «Жұлдыз» вокалдық үйірмесі, «Қыран», «Арна» топтары –жетекшісі Г.Алданова, «Жас толқын» ақындар мектебі –жетекшісі А.Жүгінісова жұмыс жасайды. 2013 жылы орталықтың 20 жылдығына орай «Атамұра» фольклорлық-этнографиялық ұлт-аспаптар ансамбілі құрылды. Жетекшісі Сабитова Гүлбаршын.   Барлығы «Атамұра» МО қызметкерлер саны -119.