Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жаңалықтар : Хабарландырулар
««Абай оқулары» қалалық байқауы»
Автор: Отдел культуры
14-12-2016 10:34
«Абай оқулары» қалалық байқауы
  2016 жылдың 25 қарашасында «Атамұра» мәдениет орталығында «Абай оқулары» қалалық байқауыөтті. Байқауға Екібастұз қаласындағы оқу орындарының студенттері қатысты.          Қазылар алқасының шешімі бойынша І орын – Махиянова Альбина –ЕИТИ колледжі ІІ орын – Ашим Дидар – Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжі ІІІ орын – Угрюмов Дмитрий – ИНЕУ колледжі иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Оралхан Бөкей оқулары»
Автор: Отдел культуры
14-12-2016 09:46
Оралхан Бөкей оқулары
  2016 жылдың 18 қарашасында «Атамұра» мәдениет орталығында   қазақ ақындарының шығармаларын кеңінен насихаттау  мақсатында қала жастары арасында  «Оралхан Бөкей оқулары» байқауы өтті. Байқауға қаламыздың оқу орындарынан студенттер қатысты.            Байқау нәтижесі бойынша 1-ші орынды Мұратова Аяулым, 2-ші орынды Тілеген Мейрамбек, 3-ші орынды Амерханова Бақыт иеленді. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен, құнды сыйлықтармен марапатталды.
««Тілдарын-2016» қалалық байқауы»
Автор: Отдел культуры
14-12-2016 09:40
«Тілдарын-2016» қалалық байқауы
  2016 жылдың 15 қарашасында «Атамұра» мәдениет орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  "Тілдарын - 2016" қалалық олимпиадасы  өтті.          Олимпияда нәтижесі бойынша 1 орынды - Оспан Мадина, 2 орынды- Әубәкір Әлия, 3 орынды - Давран Абылай иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломмен және құнды сыйлықтармен марапатталды. 
«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы»
Автор: Отдел культуры
14-12-2016 05:22
2016 жылдың 05 желтоқсанында Павлодар облысының әкімдігі, «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ,  140000,Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй. «Екібастұз қаласына 50 жыл саябағынжаңғырту, аттракциондар орнату шартымен пайдалануға беру» жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып жеке серіктесті айқындау бойынша конкурс өткізуді жариялайды. Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптес таңдауы бойынша конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін барлық ықтимал қатысушылар қатыса алады. Ықтимал қатылушыларға арналған қажетті құжаттар тізімі және конкурсқа қатысу және конкурс ұйымдастырушысына тапсыру талаптары конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурстық құжаттама көшірмесін мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй, сағат 9-00 ден 13-00ге дейін және 14-30дан 18-30ға дейін конкурс өткізу туралы жарнама жарияланған сәттен бастап алуға болады.  Конкурстық құжаттама көшірмесі тегін беріледі. Конкурсқа қатысу өтінімдері, сондай-ақ біліктік іріктеу құжаттары конвертке салынып жабық күйінде Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-не қолма-қол ықтимал қатысушылармен тапсырылады.          Ықтимал жеке әріптестің көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды тапсыру мерзімі – 2017 жылдың 05 қаңтары сағат 13.00ге дейін. Конкурсқа қатысу өтінімдерін тапсырудың соңғы мерзімі - 2017 жылдың 06 ақпаны сағат 13.00ге дейін.  Конкурстық өтінім конверттерін ашу 2017 жылдың 06 ақпаны, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы…

бiрiншiсi 1 2 3 кел. соңғысы соңғысы