Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жаңалықтар
«Қазақ тілін үйренейік »
Автор: Отдел культуры
02-08-2017 05:43
Қазақ тілін үйренейік
  Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Екібастұз қаласында азаматтық тұлғаларды қазақ тіліне үйрету жөніндегі курстар аяқталуға жақын. Биылғы жылы тегін курстарға қатысам деушілердің саны 90 адамды құраған. Аталмыш курстардың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау және қазақша сауатты сөйлегісі әрі жазғысы келетін азаматтарды біріктіру. Мемлекеттік тілді тегін оқыту жөніндегі курстар білікті оқытушылармен тұрақты түрде жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұйымдастырушысы – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. 
««ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНЕ» ШАҚЫРАМЫЗ »
Автор: Отдел культуры
02-08-2017 04:59
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНЕ»  ШАҚЫРАМЫЗ
  2017 жылғы 12-13 тамыз аралығында Павлодар облысында «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» фестивалінің мәдени-спорттық, рухани-ағартушылық іс-шаралар кешенін өткізу жоспарлануда. Осы күндері маңызды ойын-сауық бағдарламалар өткізіліп, этноауыл бой көтереді. Әр қала мен ауданнан 100 киіз үй орнату жоспарлануда. Екібастұз қаласынан 10 киіз үй тігіледі. Фестивальге Павлодар облысының шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Екібастұз қаласының ұжымдары, Алматы мен Астанадан қазақ эстрадасының жұлдыздары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері «МУЗАРТ» тобы, Төреғали Төреәли, «ҰЛЫТАУ» тобы қатысады. «JADO» /Жадыра Сахиева/ брэндінің атақты дизайнерімен арнайы дайындалған «Бес ғасыр бұрынғы көшпелі елдің киім тарихы» атты 50 қазақ ұлттық киімдерінің дефилесі жоспарлануда. Сонымен қатар фестивальге Қытайдан, Қырғызстаннан, Өзбекістаннан, Моңғолия мен Ресейден қонақтар шақырылды. Жаяу Мұсаның күйі 300 домбырашының қатысуымен алғаш рет орындалады. Фестиваль аясында зергерлік бұйымдар, қазақ халық аспатары, көшпелі елдің жабдықтары, қазақ халқының ұлттық киімдері, ертедегі қазақтардың үй әбзелдері, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекістан, Ресей сияқты 6-7 елден келген қолөнершілердің киіз үйдің ішкі жабдықтары Халықаралық көрмесі өткізіледі.  Фестиваль қонақтарына саумалдан дәм татқызылады. Қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша мастер-класстар: қоспа, құрт, ірімшік, қуырдақ, қазы-қарта, жал-жая, бауырсақ т.б. Қымыз бен шұбат құю үшін арнайы автоматтар орнатылатын болады. Көшпелі елдің ертедегі дәстүрлері арқылы қымыз әзірлеу бойынша мастер-класс. Аудандар арасында бауырсақ әзірлеу бойынша байқау өткізіледі. Екібастұздықтарды аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз.   Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Сәрсенбі – Мемлекеттік тілде сөйлеу күні»
Автор: Отдел культуры
01-08-2017 04:31
Сәрсенбі – Мемлекеттік тілде сөйлеу күні
  Тіл – әр халықтың басты рухани байлығы, оның баға жетпес қазынасы. Тұратын елдің мемлекеттік тілін білу және құрметтеу әр азаматтың асыл парызы болып табылады. Қала әкімі Қ.Нүкеновтің тапсырмасына сәйкес Екібастұз қаласында әр сәрсенбі күні «Бүгін мемлекеттік тілде сөйлейміз!» атты акция өткізілуде. Мемлекеттік тілді одан әрі дамыту әрі насихаттауға бағытталған аталмыш қалалық акцияны мемлекеттік мекемекелер мен жергілікті кәсіпорындар толығымен қолдап отыр. 
«Бізді біріктірген «Тіл керуені»»
Автор: Отдел культуры
31-07-2017 11:16
  «Тіл керуені» жобасының екібастұздық қатысушылары мен көркемөнерпаздар ұжымдары биылғы тамыздың 4-6 аралығында сұлу Торайғыр көлінің жағасында өткізілетін облыстық фестивальге қызу дайындық үстінде. Аталмыш жобаның мақсаты – жастар мен азаматтардың өзге санаттары арасында мемлекеттік тілді насихаттау, сонымен қатар қазақ тілін үйренемін деушілерге тілдік ортаны қалыптастыру. Жобаның ұйымдастырушысы – оқу-әдістемелік құралдар мен электрондық оқулықтардың әзірлеушісі Шолпан Кинжикова. Осы күндері Ертіс өңірінің әр ауданы мен қаласынан күмбезді киіз үйлерден тігілген этноауыл бой көтеріп, мәдени және рухани-ағартушылық іс-шаралар кешенінің өткізілуі жоспарланған. Барлық алаңдарда қатысушыларға қазақ халқының тұрмысын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін және фольклорын көрсететін мастер-класстар өткізіледі. Облыстық фестиваль үлкен концерттік бағдарламаға ұласатын болады. 
««Бір соғып 101 ұлттың жүректері...»»
Автор: Отдел культуры
31-07-2017 11:06
  Екібастұз қалалық телеарнасында «Бір соғып 101 ұлттың жүректері» атты жаңа танымдық бағдарламасының көрсетілуі жоспарланып отыр. Аталмыш телебағдарлама барысында екібастұздық көрермендер мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілінің өмірімен танысатын болады. Дәрігерлер мен ұстаздар, кеншілер мен кәсіпкерлер сияқты түрлі мамандық иелері мемлекеттік тілді үйренуге қатысты өз пікірлерімен және қазақ тілін білудің артықшылықтарымен бөліседі. Жаңа тележобаның ұйымдастырушысы – Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Аталмыш телебағдарламаның алғашқы шығарылымы тамыз айының басына жоспарланған. 
«Елбасының мақаласы Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананың жаңғыртуы »
Автор: Отдел культуры
17-07-2017 03:45
Елбасының мақаласы Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананың жаңғыртуы
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім. І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға…
««Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» қалалық байқауы»
Автор: Отдел культуры
27-06-2017 04:49
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» қалалық байқауы
  2017 жылдың 22 маусымында «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілер арасында қалалық «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» байқауын өткізді.          Байқаудың мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің іс жүргізудегі біліктілігін, тәжірибесін сараптау және қызметкерлерді моралдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу.          Жалпы конкурсқа 5 үміткер қатысты: 1.     Абельдинова Алмагуль Армиевна – Екібастұз қалалық соты 2.     Ныгманова Жанар Мельтаевна – Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 3.      Асылханова Самал Толеуовна – Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 4.     Орумбаева Кымбат Хасеновна – Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 5.     Касенова Асель Жумантаевна – 14-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі             Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды Абельдинова Алмагүл, 2 орынды Қасенова Әсел, 3 орынды Орумбаева Қымбат иеленді.           Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
««Тіл – парасат» облыстық байқауы»
Автор: Отдел культуры
13-06-2017 04:06
«Тіл – парасат» облыстық байқауы
  Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019  жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 9 маусымда «Тіл – парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық конкурсын өткізді.          Конкурс мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, этнос өкілдерін ынталандыру, талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған конкурсқа 17-22 жас аралығындағы қала, аудан конкурстарының жеңімпаздары қатысты.          Конкурс қатысушыларының білімдерін бағалау үшін ПМПИ, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Ы.Б. Шақаман төрағалық еткен әділқазылар алқасы құрылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.          Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Екібастұз қаласының намысын қорғап барған үміткеріміз Костантин Ткачук жеңіп алды. ІІ орынды Ақсу қаласының үміткері Юрий Самойленко және ІІІ орынды Ертіс ауданынан келген Анжелика  Креймер иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен, сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпазымыз Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. 
««Тіл - халық жанын танудың кілті» қалалық байқауы»
Автор: Отдел культуры
22-05-2017 12:10
«Тіл - халық жанын танудың кілті» қалалық байқауы
  2017 жылдың 19 мамырында мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Атамұра» мәдениет орталығында «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің қалалық байқауы өтті.Байқауға 17-22 жас аралығындағы 5 үміткер қатысты.Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Қоянды ауылдық мектебінің оқушысы Ткачук Константин ие болды. Байқау қатысушылары дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
««Тіл шебері» қалалық байқауы »
Автор: Отдел культуры
11-04-2017 04:21
«Тіл шебері» қалалық байқауы
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  2017 жылдың 07 сәуірінде «Атамұра» мәдениет орталығында «Тіл шебері» атты  қалалық байқау өтті. Байқаудың мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті мемлекеттік қызметтегі жастарды анықтап, қолдау. Байқаудың шарты бойынша ұлтына қарамастан мемлекеттік қызметтегі 21 мен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Аталмыш шараға қаламыздағы дербес бөлімдерден үш тілді жетік меңгеру өзінің азаматтық борышы деп білген үміткерлер қатысты.          Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Кабиденова Лейла (Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бас маманы) 1 орынға, Абдрахман Бибігүл (Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы) 2 орынға, Карагасекова Самал (Білім бөлімінің бас маманы) 3 орынға ие болды.          Байқау жеңімпазы облыстық кезеңге жолдама алды. 
««Тіл-барлық білімнің кілті» қалалық байқауы»
Автор: Отдел культуры
02-03-2017 10:02
«Тіл-барлық білімнің кілті» қалалық байқауы
  2017 жылдың 2 наурызында мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Атамұра» МО-да «Тіл-барлық білімнің кілті» атты қазақ тілінде  оқитын жастар арасында орыс тілі  білгірлерінің қалалық байқауы өтті.Байқауға  18-22 жас аралығындағы 6 үміткер қатысты.Қазылар алқасының шешімімен І орынды ЭКИнЕУ колледжінің студенті Амерканова Бвкыт, ІІ ЕИТИ колледжінің студенті Сыздыкова Диана, ІІІ орынды Қ. Пішенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжінің студенті Колумбаева Ризагуль иеленді. Байқауға қатысушы  үміткерлердің  барлығы диплом, алғыс хат және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпазы облыстық байқауға жолдама алды. 
«Мемлекеттік тілді оқыту курстары»
Автор: Отдел культуры
14-02-2017 09:17
Мемлекеттік тілді оқыту курстары
  «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қала тұрғындары арасында мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізеді.    Оқыту тегін өткізіледі.    Барлық сұрақтар бойынша ақпаратты мына телефон арқылы хабарласып алуға болады:  (7187) 74-13-01, 77-57-77