Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жаңалықтар
««Жүргізуші – 2016» қалалық байқауы»
Автор: Отдел культуры
14-12-2016 10:53
«Жүргізуші – 2016» қалалық байқауы
  2016 жылдың 2 желтоқсанында «Атамұра» мәдениет орталығында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай көркем сөз шеберлерінің өнерін дамыту және  әртүрлі жанрдағы мәдени-шара жүргізушілерін жарыққа шығару мақсатында«Жүргізуші – 2016» жүргізушілер байқауы өтті. Байқауға 7 үміткер қатысты: 1.                Әния Жетписбаева           2.                Толғанай Ахаева            3.                Айзат  Мукашева 4.                Алмас Ахметов           5.                Ардақ Осибаев 6.                Махаббат Алькенова 7.                Солтанбек Аймерей Қазылар алқасының шешімімен І орын – Ахаева Толғанайға ІІ орын – Солтанбек Аймерейге ІІІ орын – Әлкенова Махаббатқа бұйырды
««Абай оқулары» қалалық байқауы»
Автор: Отдел культуры
14-12-2016 10:34
«Абай оқулары» қалалық байқауы
  2016 жылдың 25 қарашасында «Атамұра» мәдениет орталығында «Абай оқулары» қалалық байқауыөтті. Байқауға Екібастұз қаласындағы оқу орындарының студенттері қатысты.          Қазылар алқасының шешімі бойынша І орын – Махиянова Альбина –ЕИТИ колледжі ІІ орын – Ашим Дидар – Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжі ІІІ орын – Угрюмов Дмитрий – ИНЕУ колледжі иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Оралхан Бөкей оқулары»
Автор: Отдел культуры
14-12-2016 09:46
Оралхан Бөкей оқулары
  2016 жылдың 18 қарашасында «Атамұра» мәдениет орталығында   қазақ ақындарының шығармаларын кеңінен насихаттау  мақсатында қала жастары арасында  «Оралхан Бөкей оқулары» байқауы өтті. Байқауға қаламыздың оқу орындарынан студенттер қатысты.            Байқау нәтижесі бойынша 1-ші орынды Мұратова Аяулым, 2-ші орынды Тілеген Мейрамбек, 3-ші орынды Амерханова Бақыт иеленді. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен, құнды сыйлықтармен марапатталды.
««Тілдарын-2016» қалалық байқауы»
Автор: Отдел культуры
14-12-2016 09:40
«Тілдарын-2016» қалалық байқауы
  2016 жылдың 15 қарашасында «Атамұра» мәдениет орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  "Тілдарын - 2016" қалалық олимпиадасы  өтті.          Олимпияда нәтижесі бойынша 1 орынды - Оспан Мадина, 2 орынды- Әубәкір Әлия, 3 орынды - Давран Абылай иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломмен және құнды сыйлықтармен марапатталды. 
«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы»
Автор: Отдел культуры
14-12-2016 05:22
2016 жылдың 05 желтоқсанында Павлодар облысының әкімдігі, «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ,  140000,Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй. «Екібастұз қаласына 50 жыл саябағынжаңғырту, аттракциондар орнату шартымен пайдалануға беру» жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып жеке серіктесті айқындау бойынша конкурс өткізуді жариялайды. Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптес таңдауы бойынша конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін барлық ықтимал қатысушылар қатыса алады. Ықтимал қатылушыларға арналған қажетті құжаттар тізімі және конкурсқа қатысу және конкурс ұйымдастырушысына тапсыру талаптары конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурстық құжаттама көшірмесін мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй, сағат 9-00 ден 13-00ге дейін және 14-30дан 18-30ға дейін конкурс өткізу туралы жарнама жарияланған сәттен бастап алуға болады.  Конкурстық құжаттама көшірмесі тегін беріледі. Конкурсқа қатысу өтінімдері, сондай-ақ біліктік іріктеу құжаттары конвертке салынып жабық күйінде Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-не қолма-қол ықтимал қатысушылармен тапсырылады.          Ықтимал жеке әріптестің көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды тапсыру мерзімі – 2017 жылдың 05 қаңтары сағат 13.00ге дейін. Конкурсқа қатысу өтінімдерін тапсырудың соңғы мерзімі - 2017 жылдың 06 ақпаны сағат 13.00ге дейін.  Конкурстық өтінім конверттерін ашу 2017 жылдың 06 ақпаны, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы…
«Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы»
Автор: Отдел культуры
08-09-2016 04:14
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы
  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан халқы тілдерінің XVIII республикалық фестивалі аясында ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Шараға 18-35 жас аралығындағы облыстың қалалары мен аудандарының мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. 1 орынды Екібастұз қаласы тау-кен техникалық колледжінің студенті Амангельдинов Асхат иеленді. Конкурс жеңімпазы республикалық кезеңге жолдама алды. 
««Тіл керуені» жобасы»
Автор: Отдел культуры
10-08-2016 11:38
«Тіл керуені» жобасы
  2016 жылдың 9 тамызында«Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан «Тіл керуені» шарасы жалғасын тапты. Жоба авторы «Ана тілі» орталығының директоры, мемлекеттік тілді оқыту бойынша арнайы курс оқытушысы Ш.Д. Кинжикова құттықтау сөзін жолдады. Мәдени шара практикалық тәжірибе алмасумен жалғасты. Жобаға мектеп, бала бақша, кітапхана, клуб, жастар бастамаларын дамыту орталығының белсендірелі қатысты.  
««Тіл керуені» жобасы»
Автор: Отдел культуры
15-07-2016 04:47
«Тіл керуені» жобасы
  2016жылдың 13 шілдесінен бастап Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласында «Тіл керуені» атты жоба өтіп жатыр. Жобаны мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасының арнайы курс оқытушысы Ш.Д. Кинжикова өткізеді. Жоба 2016 жылғы 18 шілдеге дейін жалғасады. Екібастұз қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерінен 12 мемлекеттік қызметші қатысуда. Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді үйрету. 
««Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» қалалық байқауы»
Автор: Отдел культуры
23-06-2016 11:04
«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» қалалық байқауы
  2016 жылдың 22 маусымында «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілер арасында қалалық «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты конкурсын өткізді.          Байқаудың мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған қалалық іс-шаралар жоспарын іске асыру мен мемлекеттік қызметшілердің іс жүргізудегі біліктілігін, тәжірибесін сараптау және қызметкерлерді моралдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу. Жалпы конкурсқа 4 бөлімнен 4 үміткер қатысты: 1. Бижанов Данияр – Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы 2. Аушакимов Ерсаин - «Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің маманы 3. Сулейменова Дина - Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының маманы 4. Богатырев Магомед– Екібастұз қалалық №1 емханасының маманы.             Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Сулейменова Дина, І орынды Бижанов Данияр, ІІ орынды Аушакимов Ерсаин, ІІІ орынды Богатырев Магомед иеленді.           Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
« Террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейін орнату туралы»
Автор: Отдел культуры
08-06-2016 11:53
 Террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейін орнату туралы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (тұрғындарды БАҚ арқылы хабардар ету үшін)   Ағымдағы жылғы 5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында террористерді бейтараптандыру бойынша антитеррористік операция өткізілуде. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризммен күрес жөнінде республикалық жедел штабтың басшысы – Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы, генерал-лейтенант В.З. Жұмақанов 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 ҚР Президентінің «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы»  Жарлығымен бекітілген ереженің         4 тарауына сәйкес Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларының аумақтарында террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі 40 тәулікке орнатты. Осыған байланысты мемлекеттік органдар өткізіп отырған жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Иесіз жатқан заттарға (сөмкелерге, қораптарға, бумаларға, қаптарға, чемодандарға және т.б.), әсіресе сымдары және техникалық құрылғылары бар заттарға, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көлікте күдікті адамдарға назар аударыңыздар. Күмәнді заттарға жоламаңыздар. Күмәнді заттарды әсіресе, бейтаныс адамдардан сақтауға немесе тасымалдауға алмаңыздар. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құжаттарды тексеру кезіңдегі іс-әрекетіне түсіністікпен қараңыздар және оларға барынша ықпал жасаңыздар. Дүрлігуге жол бермеңіздер және мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарын басшылыққа алыңыздар. ___________________________________________
««Тіл шебері» қалалық байқауы »
Автор: Отдел культуры
27-05-2016 08:46
«Тіл шебері» қалалық байқауы
          Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  2016 жылдың 25мамырында  Достық Үйінде «Тіл шебері»атты  қалалық байқауы өтті.         Байқаудың мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті мемлекеттік қызметтегі жастарды анықтап, қолдау.         Байқаудың шарты бойынша ұлтына қарамастан мемлекеттік қызметтегі 21 мен 29 жас аралығындағы жастар қатысты.         Аталмыш шараға қаламыздағы дербес бөлімдерден үш тілді жетік меңгеру өзінің азаматтық борышы деп білген 3 үміткер қатысты.        Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Абдрахманова Қарлығаш (Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы) 1 орынға,  Аушакимов Ерсаин («Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы) 2 орынға, Идришева Арайлым (Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы) 3 орынға ие болды. 
«Жалпықазақстандық ашық диктант »
Автор: Отдел культуры
19-05-2016 06:16
Жалпықазақстандық ашық диктант
  2016 жылдың 18 мамырында Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Орталық кітапханамен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналғанАбай шығармаларының негізінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізді.      Ашық диктанттың мақсаты: мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлықты арттыру, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.      Ашық диктантқаэтномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматық қызметкерлер, студенттер мен мектеп оқушылары, ниет білдіруші барлық тұрғындар қатысты.