Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жаңалықтар
««Тіл – халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауы.»
Автор: Отдел культуры
13-04-2015 09:38
«Тіл – халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауы.
Павлодарда «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауы өтті. Дәстүрге айналған бұл шараны облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ҚР Мәдениет министрлігімен Қазахстанның орыс қауымдастығы арасындағы өзара түсіністікпен әріптестік туралы меморандумына сәйкес мемлекеттік тілді жетік меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізеді. Байқауға 14-22 жас аралығындағы қала мен аудан жеңімпаздары қатысты. Байқаудың барлық үміткерлері лексикалық-грамматикалық тест, ұсынылған тақырыпқа сай эссе жазу және қазақ ақын-жазушыларының өмірбаянынан қысқаша мағлұмат беріп, олардың шығармаларын мәнерлеп оқу тапсырмаларын орындап, өздерін лайықты көрсете білді. Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Павлодар қаласының үміткері Штурмина Полина, II орынды Май ауданынан Буранбаева Виолетта, III орынды Екібастұз қаласының қатысушысы Кадык Неля иеленді.
««Тіл-барлық білімнің кілті» орыс тілі білгірлерінің байқауы»
Автор: Отдел культуры
31-03-2015 09:08
«Тіл-барлық білімнің кілті» орыс тілі  білгірлерінің байқауы
2015 жылдың 27 наурызда Павлодар қаласындақазақ тілінде оқитын жастар арасында орыс тілі білгірлерініңоблыстық «Тіл – барлық білімнің кілті» байқауы өтті. Конкурстың мақсаты дарынды жастарды толеранттылыққа тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетін арттыру.  Аталмыш байқауға  Екібастұздан Абай Құнанбайұлы атындағы  № 2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Каиртаева Айдана қатысып, алғыс хатымен, бағалы сыймен марапатталынып оралды.
««Наурыз мейрамы-2015» мерекесіне арналған іс-шаралар БАҒДАРЛАМАСЫ»
Автор: Отдел культуры
19-03-2015 10:00
«Наурыз мейрамы-2015» мерекесіне арналған іс-шаралар БАҒДАРЛАМАСЫ
  2015 жылдың 12-25 наурызы Тарихи-өлкетану музейі сағ. 9.00-18.30 Мүсінші, сәндік қолданбалы өнер шебері Баян Қайнышеваның жеке көрмесі       2015 жылдың 17-19 наурызы  «Өнер» ҚМО-ның фойесі сағ.10.00 сағ.12.00   "Шуақты Наурыз" атты балаларға арналған мерекелік бағдарлама   2015жылдың 17-18наурызы  «Өнер»ҚМО сағ. 10.00   «Балапан-2015» облыстық  вокалдық шеберлік сайысы         2015жылдың15 -30наурызы Орталықтандырыл-ған кітапханалар жүйесінің кітапханалары   "Төрлет, Наурыз мейрамы", "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" атты кітап көрмелері     2015жылдың18-21  наурызы Ауылдық кітапханалар  «Наурыз думан», «Келген Наурыз еліме, құт дарытсын жеріме!», "Наурыз айы туғанда" кітап көрмелері мен  тақырыптық кештер        2015 жылдың 20 наурызы «Атамұра» МО сағат 15.00-де  Наурыз мерекесіне арналған «Бауырсақ пати»  танымдық шоу.     2015 жылдың 21 наурызы Муниципалдық нарық сағ. 9.00.-ден Ауылшаруашылық жәрмеңкесі  …
«Қала басшысы Екібастұздың әйелдерін мерекемен құттықтады»
Автор: Отдел культуры
10-03-2015 11:33
Қала басшысы Екібастұздың әйелдерін мерекемен құттықтады
4 наурызда «Өнер» қалалық мәдениет орталығында  Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Қала әкімі Александр Вербняк Ұлы Отан соғыс және еңбек ардагерлеріне, өндіріс озаттарына, көп балалы аналарға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және басқа салалардың өкілдеріне арнап құттықтау сөз айтты. - Екібастұз әйелдерінің 2-і – облыстық, 4-і – қалалық мәслихаттың депутаты. 451-і еңбек ұжымдарының жетекшілері болып жұмыс істейді. 8-і үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды басқарса, 8- этномәдени ұйымдарда. Ерлермен бірге көмір кәсіпорындарда 2536, энергетикалық салада 1127 әйел еңбек етуде. Мемлекеттік қызметте 163, құқық қорғау органдарында 87 адам істейді. Өткен жылы 397 әйел спорт саласында халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Ал әлеуметтік білім беру, медицина, мәдениет саласының басым бөлігі - нәзік жандар,  - деп мәлімдеді Александр Федорович.          Барлық әйелдерді мерекемен құттықтап, қала әкімі оларға мықты денсаулық, жан жылулығын, көтеріңкі көңіл-күй  және толағай табыстар тіледі. Көптеген әйел Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
««Тіл-барлық білімнің кілті» орыс тілі білгірлерінің байқауы»
Автор: Отдел культуры
10-03-2015 11:10
«Тіл-барлық білімнің кілті» орыс тілі  білгірлерінің байқауы
2015 жылдың 26 ақпанында мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  Екібастұз тау – кен колледжінде «Тіл-барлық білімнің кілті» атты қазақ тілінде  оқитын жастар арасында орыс тілі  білгірлерінің облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.          Байқауға  14-22 жас аралығындағы 12 үміткер қатысты. Конкурс барысында үміткерлер лексика-грамматикалық тест, жеке жазбаша тапсырмаларды және ұсынылған үш тақырыптың біреуіне  эссе жазу , сондай-ақ мәнерлеп оқу сияқты тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасы үміткерлерлердің орындау шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, өзін-өзі ұстауы мен киіміне назар аударды. 1-орынды № 2 ЖОББ мектептің оқушысы Қаиртаева Айдана ие болып, облысытық байқауға жолдама алды. 2-орынды Атығай ЖОББ мектебінің 10 сынып  оқушысы Сейсембаева Айдана ие болды, ал 3-орынды №5 және №18 мектептерінің оқушылары Қасымова Зайра мен Қазбекова Зәмзәгүл бөлісіп алды.         
«Тіл - татулық тірегі»
Автор: Отдел культуры
10-02-2015 11:56
Тіл - татулық тірегі
         ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын өткізу жөнінде, ағымды жылдың 21 ақпанында мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастары арасында «Тіл –татулық тірегі» атты республикалық байқауын ұйымдастырып отыр.          2015 жылдың 9 ақпанда Павлодар қаласында өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру және республикалық байқауға үміткерлерді іріктеу мақсатында, облыстық деңгейінде байқау өткізілді.          Конкурсқа 8 үміткер қатысты. Қатысушылар өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді жақсы меңгергендерін көрсете білді. Біздің қаламыздан № 6 мектеп –лицейінің  бастауыш сынып мұғалімі Магеррамова Аида Барамгызы тіл білімі мен қатар өнерін көрсете білді.          Байқаудың қорыдысы бойынша Аида ІІІ орынға ие болды, ал жеңімпаз атанып, Ел ордасы Астанада Павлодар облысын қорғайтын , Ақсу қаласынан журналистика факультетінің студенті – Гаркава Елена. ІІ орынға ие болған - Павлодар қаласынан Иванова Майя.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Екібастұз қаласында іске асыру жөніндегі 2015 жылға арналған жоспарлы іс-шаралар»
Автор: Отдел культуры
23-01-2015 11:44
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Екібастұз қаласында іске асыру жөніндегі  2015 жылға арналған  іс-шаралар жоспары № п/п Іс-шаралар Орын далу мерзімі 1 Мемлекеттік  қызметшілерге  қазақ    тілін  оқытуды   ұйымдастыру 2015 жыл Наурыз, сәуір 2 Қала тұрғындарын «Қазтест» жүйесі бойынша «Жексенбілік мектеп» арқылы қазақ тіліне оқыту ұйымдастыру 2015 жыл Наурыз,қараша 4 Қазақ тілінде КВН ойындарын өткізу 2015 жыл 6 қараша 5 Қаладағы  орыс  қауымымен бірлесіп, қазақ тілі  білгірлерінің «Тіл-адам жанын танудың кілті» атты қалалық  конкурсын  өткізу 2015 жыл 30 наурыз 6 Әр түрлі ұлт өкілдері арасында  Абай  поэзиясы білгірлерінің  «Мақсұтым тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты қалалық  конкурсын өткізу 2015 жыл 31 шілде 7 Кәсіпорындар мен ұйымдарда қызмет ететін өзге ұлт өкілдерінің арасында «Мемлекеттік тіл білгірлері» сайысын өткізу.      2015 жыл  8 маусым 8 «Тіл шебері» қалалық байқауын өткізу 2015 жыл 15 сәуір 9 Қалалық Оралхан Бөкей оқуларын өткізу 2015 жыл 27 қараша…
«Жетім балаларға арналған әкімнің қайырымдылық шыршасы»
Автор: Отдел культуры
26-12-2014 09:30
Жетім балаларға арналған әкімнің қайырымдылық шыршасы
2014 жылдың 23 желтоқсанында «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Екібастұз қаласы әкімінің қайырымдылық шыршасы өтті. Жаңажылдық ертеңгілікке 476 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар шақырылды. Әр бала тәтті сыйлық пен ойыншық алды. Балаларды мерекемен құттықтаған қала әкімі Александр Вербняк жас екібастұздықтардың айрықша талантты екендігін атап өтті.
«Екібастұз қаласының басшысы дарынды балаларды Жаңа жылмен құттықтады»
Автор: Отдел культуры
26-12-2014 09:29
Екібастұз қаласының басшысы дарынды балаларды Жаңа жылмен құттықтады
22 желтоқсанда «Өнер» қалалық мәдениет орталығында дәстүрлі Екібастұз қаласы әкімінің шыршасы өтті. Оған 400 оқушы шақырылды. Олар – оқу үздіктері, түрлі байқаулар мен олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлері, облыстық, республикалық және халықаралық іс-шаралардың белсенді қатысушылары. Балаларға жаңажылдық мерекенің бас кейіпкерлері Аяз ата, Ақшақар және де басқа ертегілік персонаждармен көңілді түрлі костюмдегі қойылым көрсетілді. Жиналған балаларды қала әкімі Александр Вербняк мерекемен құттықтап, оларға келе жатқан жылда жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетуін тіледі. Әрине, жаңажылдық дәстүр бойынша, мейрамның әр қонағы тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарды алды.
«Қала әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларды Жаңа жылмен құттықтады»
Автор: Отдел культуры
26-12-2014 09:27
Қала әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларды Жаңа жылмен құттықтады
22 желтоқсан күні «Өнер» қалалық мәдени орталықта Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк мүмкіндігі шектеулі балаларды Жаңа 2015 жылмен құттықтады. Балалар жаңа жылдық ертегіге еніп кетіп, шыршаны айнала билеп, Аяз Атамен бірге түрлі ойындар ойнады, ән айтты. Ерекше әрі көз жауын алатын мерекелік киім киген балалар естелік сыйлықтармен марапатталды. Бірде бір балақай жаңа жылдық сыйлықсыз қалмады, ертегі көрінісі аяқталған соң, кішкентай бүлдіршіндер Екібастұз қаласы әкімінің атынан тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар алды.
«Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл»
Автор: Отдел культуры
07-11-2014 10:44
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл
6 қараша қала әкімдігінің үлкен залында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді.«Атамұра» мәдениет орталығының өнерпаздары Г.Алданова, А.Жүгінісова, Г.Еңсебаева, Қ.Батенов, И.Туртулов, Л.Шапко мерекелік концерт  ұйымдастырды
«Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» әдеби-шығармашылық бірлестігінің төрағасы, қалалық ақсақалдар әділқазылығы қоғамының төрағасы Қоғабай Жұмағали Бижанұлының шығармашылық кеші өтті.»
Автор: Отдел культуры
06-11-2014 09:45
Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» әдеби-шығармашылық бірлестігінің төрағасы, қалалық ақсақалдар әділқазылығы қоғамының төрағасы Қоғабай Жұмағали Бижанұлының шығармашылық кеші өтті.
Қазан айының 31-і күні ақын, журналист, Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» әдеби-шығармашылық бірлестігінің төрағасы,  қалалық ақсақалдар әділқазылығы қоғамының төрағасы Қоғабай Жұмағали Бижанұлының шығармашылық кеші өтті.  Кешке қала әкімінің орынбасары Айгүл Хамзақызы Марданова, ақын,  Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы Павлодар облысындағы филиалының  директоры  Арман Қани,  облыстық «Сарыарқа Самалы» газетінің бас редакторы Асыл Әбіш, Қазақстан –Қарағанды  теледидарының  қызметкері Әли Тойжігітов  қатысып, құттықтауларын жеткізді. Кеште ақынның өлеңдері оқылып, сазды әуендер шырқалды.