Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жаңалықтар : Жаңалықтар
««Ол-құтқарушы, бұл осындай мамандық»»
Автор: Кітапхана жүйесі
07-06-2019 17:09
«Ол-құтқарушы, бұл осындай мамандық»
№35 мектеп гимназиясының жазғы демалыс лагерьінің оқушылары Орталық балалар кітапханасында ТЖ комитетінің құтқарушы мамандарымен ұйымдастырылған «Ол-құтқарушы, бұл осындай мамандық» атты кездесуге қатысты.  Шараның қонағы ретінде қатысқан бөлімшенің басшысы М.М. Оспанов, бас мамандар Р. Жұмабеков, П. Дятченко балаларға құтқарушы мамандығының қыр-сыры туралы сондай-ақ қауіпсіздік шаралары және т.б. тақырыпқа қатысты әңгіме өрбітті. Шара соңында қатысушылардың назарына «Миссия выполнима» бейнесюжетінің көрсетілімі ұсынылды.
«"Пушкинмен балалық шақтан таныспыз"»
Автор: Кітапхана жүйесі
07-06-2019 09:53
Ақын Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жыл толуына орай Орталық балалар кітапханасында әдеби ойын өткізілді. Іс-шараға № 24 мектептің "Радуга" атты жазғы лагерьінің балалары шақырылды. Кітапханашы ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы айтып өтті. Жазғы демалыс лагерінің балалары әдеби викторинаға, ертегілері бойынша ойынға "Сиқырлы сандық", «Сөйлемді жалғастыр», жұмбақтардың  шешуін тауып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Балалар өздерінің алғырлығымен қатар, ақын жайлы көп білетіндерін көрсете білді.  Шара соңында « Мой Пушкин, каждою строкою я говорю с тобой…»  атты әдеби кітап көрмесіне шолу жүргізілді. 
«Біздің ұжым үшін қуанышты күн!!!»
Автор: Кітапхана жүйесі
29-05-2019 10:19
Біздің ұжым үшін қуанышты күн!!!
Павлодар қаласында, «Шаңырақ» орталығында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Өнер толқыны» атты салтанатты кеші өтті. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері алдымен қызыл кілеммен жүріп өтті. Оның ішінде біздің ұжым қызметкерлерінің (Төрегельдинова Г.Ж. кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Карекина К.Б. қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы) еңбегі аталып, марапттарға ие болды.
««Тарихи сана - ұрпақтар сабақтастығы»»
Автор: Кітапхана жүйесі
23-05-2019 14:33
«Тарихи сана - ұрпақтар сабақтастығы»
"Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар" және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалар  аясында  өткізілген «Тарихи сана - ұрпақтар сабақтастығы» атты конференциясына ЕИТИ, ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімдері, мұражай қызметкерлері, қала тұрғындары, студенттер, мектеп және ОҚК кітапханашылары қатысты. Конференция барысында ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Ж.Б. Қоғабаев «Әбікей Сәтбаев: Сәтпаевтар әулеті  және ұрпақ сабақтастығы», ЕИТИ профессоры, филология ғылымының докторы Н.А. Кебина "Роль духовности в становлении личности",  №9 ЖОББМ-нің  тарих пәнінің мұғалімі И.Т.Трухин  «Времен связующая нить»,  ЕКИнЕУ колледжінің студенті, жас ақын Оралхан Таңатар  «Жастар және негізгі құндылықтар», Екібастұз қалалық өлкетану мұражайының  маманы Т.Қ. Бейсембаева «Мұражай –уақыт  пен ұрпақтар байланысы» деген тақырыпта баяндама жасады. Содан соң библиография бөлімінің библиографы  М. Әлкен «Ұлы Дала мәдениетінің жеті қыры» атты  виртуальді кітап көрмеге, ақпараттық – библиографиялық бөлімнің меңгерушісі А. Әбілбаева кітапхана қорына жаңадан келіп түскен археолог  В.К. Мерцтің  «Краткая история развития материальной культуры Павлодарского Прииртышья» атты кітабына шолу жасады. Шара сонында баяндамашыларына ЕОКЖ директоры А.Ж. Жанахметова «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»-нің сертификатын салтанатты түрде табыстады.
«Бізді марапаттады!»
Автор: Кітапхана жүйесі
23-05-2019 11:20
Бізді марапаттады!
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесінде Екібастұз өңірінің мәдени дамуына қосқан қомақты үлестері үшін,  қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқан кітапханашыларды қала әкімі атынан Алғыс хат пен Г.Е. Ашербекова (автоматтандыру-цифрлау бөлімінің кітапханашысы), Екібастұз қалалық маслихаты атынан О.В. Шамшиярова (автоматтандыру-цифрлау бөлімінің кітапханашысы), Л.Б. Омарова (№3 кітапханасының кітапханашысы) марапатталды. Орталық балалар кітапханасының «Отбасы кафесі» клубына 15 жыл,  №3 қалалық кітапхананың ашылғанына 55 жыл толуына орай сертификат табысталды.
«Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні құтты болсын!!!»
Автор: Кітапхана жүйесі
21-05-2019 09:56
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні құтты болсын!!!
Құрметті әріптестер!!! Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге ұдайы шығармашылық ізденістеріңіз таусылмай, мәдениет пен өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық,  арайлап атқан әр таңдарыңызға куаныш пен шаттық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз! Мереке құтты болсын!!!
««Соғыс туралы не білесіз?» »
Автор: Кітапхана жүйесі
13-05-2019 15:08
«Соғыс туралы не білесіз?»
Мамыр айының 8-жұлдызында Орталық қалалық кітапханада «Шарайна» клубы аясында Ұлы  Жеңістің 74 жылдығына арналған «Соғыс туралы не білесіз?»  атты промо - акциясы ұйымдастырылды. «Ұлы Отан соғысы: 1941-1945» тақырыбына эссе жазу байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл шараға ЖОМ №6,№17,№18 - дің, №7, №17, №24, №25 мектеп-гимназиясыларының,  №35, 36 мектеп - лицейлерінің, Төртүй, Қарасор мектептерінің оқушылары қатысты. Шара басында кітапханашылар Ұлы Отан соғысының тарихы, Павлодар облысының соғыс ардагерлері мен ҰОС батырлары туралы мәлімет беріп өтті. Содан соң байқауға қатысып, белсенділік танытқан оқушылар мен олардың жетекшілері алғыс хатпен және «Мәнгілік полк» грамотасымен марапатталды. Шара барысында соғыс туралы өлеңдер мәнерлеп оқылып,  Иванчик отбасылық дуэті және  «Славяночка» вокалды хоры әндерді шырқады. Промо - акция соңында  «Отты жылдардағы Қазақстан» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
««Қалам ұшында соғыс іздері...»»
Автор: Кітапхана жүйесі
13-05-2019 11:16
«Қалам ұшында соғыс іздері...»
№6 кітапхана-коворкинг (Солнечный кенті)   орталығында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Қалам ұшында соғыс іздері...» атты әдеби-сазды жыр кеші өткізілді. Бұл шараға №28 ЖОББМ-нің оқушылары, №17 «Жидек» балабақша қызметкерлері, «Ақниет» әжелер ансамбілі мен оқырмандар шақырылды. Әдеби-сазды кеш еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жариялаумен басталды. Кітапханашы Ж.Қ.Бектасова Ұлы Жеңістің тарихы мен, Қазақстаннан шыққан Кеңес Одағының батырлары жайлы айтып өтті. Кеште соғыс туралы әндер шырқалып, өлеңдер мәнерлеп оқылды. Шара соңында  бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жүргізілді.
««Ер – елінің қорғаны» »
Автор: Кітапхана жүйесі
08-05-2019 10:15
«Ер – елінің қорғаны»
№6 кітапхана-коворкинг (Солнечный кенті)   орталығында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер – елінің қорғаны» атты брейн ринг өткізілді Бұл шараға Абай атындағы №28 жалпы орта білім беретін мектептің 10-11сынып оқушыларымен Алғашқы Әскери Дайындық оқытушысы Ж.Ж. Ашимханов қатысты. Шара барысы Мемлекеттік ән ұранмен ашылды. Кітапханашы Ж.Қ. Бектасова Отан қорғаушылар күнімен құттықтап,  тарихы жайлы айтып берді. Сонымен қатар Ж.Ж. Ашимханов сарбаздарға тілек білдіріп, әскери жаттығулар көрсетті. Саптық дайындық көріністен кейін, 11 сынып оқушылары автоматты жылдам  шапшаңдықпен бұзып көрсетті.  Сарбаздардың білімдерін шыңдау үшін  брейн-рингпен жалғасты. Қатысқан сарбаздарға мадақтама беріп,  сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында «Ер – елінің қорғаны»  атты  кітап көрмеге шолу жүргізілді
« «Ұлт мақтанышы»»
Автор: Кітапхана жүйесі
25-04-2019 16:22
 «Ұлт мақтанышы»
Сәуір айының 25 жұлдызында Орталық қалалық кітапхананың анықтамалық – библиографиялық бөлімі мен автоматтандыру және цифрлау бөлімінің ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаевтың - 120 жылдығына орай «Ұлт мақтанышы» атты виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Бұл шараға ЕКИнЕУ студенттері қатысты. Шара барысында Е. Щебетун виртуалды көрмемен толықтай таныстырып өтті. Сонан соң, А. Әбілбаева «Еуразия келбеті» атты ұлы идеяларды біріктірген адамдар мен тарихи оқиғалар туралы деректі фильмдер циклінен құралған жоба туралы айтып берді. Жиналған қауымның назарына «Сәтпаев феномені» атты деректі фильм ұсынылды.  Шара соңында библиограф Т. Жүнісова тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап викторинасын өткізіп, белсенділік танытқандарға сыйлықтар және библиограф А. Елубаева дайындаған буклеттер таратылды.
««Спорт – денсаулық кепілі»»
Автор: Кітапхана жүйесі
23-04-2019 11:23
«Спорт – денсаулық кепілі»
 №6 кітапхана-коворкинг (Солнечный кенті)  орталығында  Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы А. С. Жумагельдинмен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне №28, №16 мектептің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары шақырылды. Шара барысында кітапханашы Ж.Қ. Бектасова спорттың орны адам өмірінде алатын орны зор  екендігі туралы баяндады. Содан соң балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы А. С. Жұмагельдинге сөз беріліп, сұхбат жүргізілді. Кеш қонағы спорт мектебінің секциялары жайлы, жетістіктер жөнінде әңгімелеп берді. Сонымен қатар,№16 ЖОББМ-тің  денешынықтыру сабағының мұғалімі Е.И. Астафьева мектеп оқушыларының спорттағы жеңістері туралы айтып өтті. Шара соңында спорттық әдебиеттер ұсынылған кітап көрмесіне шолу жасалды.
«"Біз Ертіс өңірінің бір бөлшегіміз" »
Автор: Кітапхана жүйесі
23-04-2019 10:21
Шара барысында кітапханашы Т.Н. Разумова  балаларға Екібастұз аймағының экологиясы жайлы баяндады. Содан соң қатысушылар экологияны қорғау тәсілдері туралы талқылады. Шара соңында жас оқырмандар сурет салу арқылы,үлкендерге экологиялық мәселелерді шешу жолдарын көрсетті.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 61 соңғысы