Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жаңалықтар : Жаңалықтар
«Исабек Ишан кесенесіне экскурсия »
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
09-07-2019 10:02
Исабек Ишан кесенесіне экскурсия
5 шілде күні «Атамұра» мәдениет орталығының ұжымы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге ала отырып Ақкөл ауылдық аймағындағы киелі мекен Исабек Ишан кесенесіне экскурсия жасады. Орталық қызметкерлері экскурсия барысында ұлы тұлғалардың өмірбаяны, еңбектерімен танысып, өңірдің шежіреге толы тарихынан да терең ақпарат алды.
«Көркемөнарпаздар ұжымдарының көшпелі концерті»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
09-07-2019 09:53
Көркемөнарпаздар ұжымдарының көшпелі концерті
5 шілде күні Ақкөл ауылдық клубында елордамыз Нұр – Сұлтан қаласының туған күніне орай «Нұрлы қала – Нұр – Сұлтан» атты ауылдық клубтардың көркемөнарпаздар ұжымдарының көшпелі концерті өтті.
««Идеялар жәрмеңкесі» атты тәжірибе алмасу көшпелі семинары»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
09-07-2019 09:43
«Идеялар жәрмеңкесі» атты тәжірибе алмасу көшпелі семинары
5 шілде күні Ақкөл ауылдық клубында  «Идеялар жәрмеңкесі» атты тәжірибе алмасу көшпелі семинары өтті. Семинарға орталыққа қарасты барлық ауылдық клубтардың әдіскерлері мен мәдени ұйымдастырушылары қатысты. Шара барысында клубтың жұмысы әдістемелік ұсынымдар, қолөнер көрмесі арқылы көрсетілді. Клубтың мәдени ұйымдастырушысы Нұрбике Мәулітқызы сахна безендіруден шеберлік сағатын өткізсе, әдіскері Бақыт Боранбайқызы әріптестерімен «Бәрі келді» интеллектуалды ойынын жүргізді. Балалардың бос уақытын қамту, жазғы демалыстарын тиімді пайдалану жолындағы атқарып жүрген іс – шараларымен клуб ұжымы ертегілер түрлерінен қойылым қою арқылы тәжірибе бөлісті. Семинардың жалғасы клубтың ауласында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатында бие сауу, «Қыз қуу», «Аударыспақ» сияқты ұлттық ойындарын насихаттаумен жалғасын тапты.
««Туған күніңмен – Нұр – Сұлтан»атты мерекелік концерт»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
05-07-2019 18:19
«Туған күніңмен – Нұр – Сұлтан»атты мерекелік концерт
Төртүй ауылдық клубында ҚР астанасы күніне орай «Туған күніңмен – Нұр – Сұлтан»атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертте Құлакөл ауылының өнерпаздары өнер көрсетіп,ауыл тұрғындарынамерекеліккөңіл күй сыйлады.
«Бейімделу орталығына концерт»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
05-07-2019 17:59
Бейімделу орталығына концерт
4 шілде  «Атамұра»МО өнерпаздары Елордамыздың туған  күніне орай бейімделу орталығына «Мерекелеріңізбен!» атты концерттік бағдарламамен барды.
««Асқақтасын ұлтымның ұлылығы» атты ұлттық фестиваль»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
24-06-2019 09:53
«Асқақтасын ұлтымның ұлылығы» атты ұлттық фестиваль
22 маусым күні қаламызда еңсесі биік, айбыны асқақ сүйікті Екібастұз қаламыздың туған күні тойлануда. Осы күні «Атамұра» мәдениет орталығы Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен «Асқақтасын ұлтымның ұлылығы» атты ұлттық фестивалін ұйымдастырды. Фестивальде ұлттығымызды ұлықтап, қазақ халқының салт – дәстүрін өңірімізге кеңінен насихаттап жүрген Алпысбаева Қазынагүл Қылышбайқызы ұлттық тағамдардың шеберлік сағатын өткізіп, ауылдық клубтар ұннан, сүттен, еттен жасалған түрлі тағам жасап, халқымыздың ұмыт болып бара жатқан көне ұлттық ас түрлерін ұсынды. Фестивальдің халықты таң қалдырған бір бөлімі «Нұр – Сұлтан» қаласынан келген «Мың бір өнер» театралдық көркем студиясының этно киімдер көрсетілімі болды. Негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсірген, сақ дәуірінен бастау алған этно киімдер жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.  Онымен қоса қала тұрғындарына қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі – кимешектердің,  яғни ұлттық бас киімдердің де шеруі көрсетілді. 
«Үгіт алаңдары»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
24-06-2019 09:51
Үгіт алаңдары
22 маусым күні «Атамұра» мәдениет орталығының ауылдық аймақтағы көркемөнерпаздар ұжымы Қала күніне орай үгіт алаңдарында концерттік бағдарлама қойды.
««Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру» стажировкасы»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
24-06-2019 09:48
«Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру» стажировкасы
21 маусым күні облыстық «Шаңырақ» ХШД және МСҚ орталығында «Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында стажировка өтті. «Атамұра» мәдениет орталығы Қарасор ауылдық клубының әдіскері Бекшек Мадина, мәдени ұйымдастырушысы Абай Нұрболат, Тай ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Орынбаева Мақпал, Ә.Марғұлан ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Казиева Әлия қатысты. Қызметкерлер өз кәсіби біліктілігін арттырып, сертификаттарға ие болды.
««Мерейлі қалам Екібастұз» атты мәдени танымдық шарасы»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
19-06-2019 17:04
«Мерейлі қалам Екібастұз» атты мәдени танымдық шарасы
19 маусым күні Тай ауылдық клубында Екібастұз қаласының туған күніне орай «Мерейлі қалам Екібастұз» атты мәдени танымдық шарасы өтті. Шара барысында қаланың әсем жерлері туралы бейне ролик пен слайдтар көрсетілді. Балалар әсем қалаға өлеңдер арнап, би билеп өз өнерлерін паш етті.
««Менің сүйікті қалам- Екібастұз» атты сурет сайысы»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
19-06-2019 16:58
«Менің сүйікті қалам- Екібастұз» атты сурет сайысы
19 маусым күні Төртүй ауылдық клубында жас ұрпақтың өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында қала күніне орай «Менің сүйікті қалам- Екібастұз» атты сурет сайысы өткізілді. Балалар қалаға деген сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне түсіріп, сурет арқылы жеткізді.Сонымен қатар Екібастұз туралы өлеңдер оқылды.
««Жасай бер сүйікті қалам» атты танымдық бағдарламасы»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
19-06-2019 16:17
«Жасай бер сүйікті қалам» атты танымдық бағдарламасы
Құлакөл ауылдық клубы қала күніне орай мектеп оқушыларының жазғы демалысын қызықты өткізу мақсатында «Жасай бер сүйікті қалам» атты танымдық бағдарламасы аясында қалалық өлкетану музейіне экскурсия жасатты.
««В гостях у мультика» атты ойын - сауық бағдарламасы»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
19-06-2019 16:15
«В гостях у мультика» атты ойын - сауық бағдарламасы
19 маусымда Төртқұдық ауылдық клубында балалардың жазғы демалысына орай «В гостях у мультика» атты ойын - сауық бағдарламасы өткізілді.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 53 соңғысы