Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады.
Н.Ә.Назарбаев
Тіл – әр халықтың басты рухани байлығы, оның баға жетпес қазынасы. Тұратын елдің мемлекеттік тілін білу және құрметтеу әр азаматтың асыл парызы болып табылады. Қала әкімі Қ.Нүкеновтің тапсырмасына сәйкес Екібастұз қаласында әр сәрсенбі күні «Бүгін мемлекеттік тілде сөйлейміз!» атты акция өткізілуде. Мемлекеттік тілді одан әрі дамыту әрі насихаттауға бағытталған аталмыш қалалық акцияны мемлекеттік мекемекелер мен жергілікті кәсіпорындар толығымен қолдап отыр.