Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«САУАТТЫ ЖАРНАМА - ҚАЛА КЕЛБЕТІ » қалалық акциясы

«САУАТТЫ ЖАРНАМА - ҚАЛА КЕЛБЕТІ » қалалық акциясы

16-05-2018 11:34

«САУАТТЫ ЖАРНАМА - ҚАЛА КЕЛБЕТІ » қалалық акциясын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған қалалық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «САУАТТЫ ЖАРНАМА  - ҚАЛА КЕЛБЕТІ» қалалық акциясын жариялайды.

Акцияны өткізу мерзімі:2018 жылғы 20 мамыр мен 20 маусым аралығы.

Мақсаты:

- ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін көрнекі ақпараттардың мәтініндегі қателерді анықтау;

- Қаладағы жарнамаларды сауатты рәсімдеу мәселелеріне қоғамның назарын тарту;

- Көрнекі ақпараттардың мәтіндеріндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді болдырмау.

Акцияның талаптары:

- Фотосуреттер сапалы және айқын түсірілуі керек.

- Қатесі бар жарнамада (фотосуретте) нысанның атауы мен мекенжайы көрсетілуі тиіс.

 Акцияның шарттары:

Акция үш кезеңнен тұрады:

1-кезең.2018 жылғы 20мамырмен 15маусымаралығында акцияға қатысушылар қала аумағында орналасқан рәсімделуі тіл заңнамасына сәйкес келмейтін немесе қателері бар жарнамаларды  фотосуретке түсіріп, Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің электронды поштасына (kultura2014@bk.ru)ұсынулары қажет.

2-кезең.2018 жылғы 16-18 маусымаралығында ұсынылған фотосуреттерді ереже талаптарына сәйкестігін қарау, талдау, қорытындысын шығару жұмыстары жүргізіледі. Акцияның қорытындысын тіл мамандарынан құралғанкомиссия құрамы шығарады.

3-кезең. Марапаттау.

Акцияның белсенді қатысушылары алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталатын болады.

Мекенжайымыз:Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесі, 62-үй, 422-кабинет.

Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Байланыс телефоны: 74-13-01

Электронды пошта: kultura2014@bk.ru

Автор: Отдел культуры