Отдел культуры и развития языков акимата города Экибастуза
«Чек талап ет! Патриот бол!» акциясы

«Чек талап ет! Патриот бол!» акциясы

19-10-2018 09:58

18 қазан күні «Атамұра» мәдениет орталығында Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен тұрғындар арасында салық сауаттылығын арттыру, азаматтардың белсенділігін күшейту мақсатында 1 мамырдан 1 қазанға дейін жариялаған «Чек талап ет! Патриот бол!» акциясының қорытындысын шығарды. Чек жинап әкелген қала тұрғындары арнайы дайындалған лотореяларды чекке айырбастап, ұтыс ойынына қатысты. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Атамұра» мәдениет орталығының өнерпаздары Күмісхан Сағындық, «Мұрагер» ұлт аспаптар ансамблінің мүшесі Арман Рай шараны думандатып, әуезді әндерімен сусындатты.

Автор: Отдел культуры