Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА

26-11-2019 15:18

Қазақстанда күннен күнге бизнесті жүргізу оңайға түсуде. Дүниежүзілік банк жыл сайын бағалау өткізіп,  «Doing Business» рейтингін құрастырады.

Бизнесті жүргізу шарттарының қолайлылығы бойынша елдерді бағалау 1-ден 190-ға дейін жүзеге асырылады. Бизнесті жүргізу жеңілдігінің жоғары рейтингі нормативтік-құқықтық жағдайлар Жергілікті фирманың құрылуы мен жұмыс істеуі үшін неғұрлым қолайлы екенін білдіреді. Рейтинг 10 тақырып бойынша жиынтық көрсеткіштерді өлшеу жолымен жасалады, олардың әрқайсысы бірнеше индикаторлардан тұрады және елдің жалпы рейтингісіне тең әсер етеді. 2019 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша барлық елдердің рейтингі анықталды.

Осылайша, жарияланған есепке сәйкес Қазақстан 28-ден 25-орынға көтерілді. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан өз көрсеткіштерін 3 пунктке жақсарта алды. Сарапшылар мемлекеттін Австрия, Испания, Франция, Ресей Федерациясы, Португалия, Швейцария, Жапония, Түркия, Сауд Арабиясы елдерін озып шығуын белгіледі.

«Doing Business-2020» халықаралық рейтингісінің Дүниежүзілік Банкінің есебіне сәйкес «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 190-нан 67 - ші орынды ("Doing Business-2019-76-ші орын) иеленді. Осындай нәтижеге қазақстандық бизнесті электрмен жабдықтау желілеріне қосылудың жағдайын жақсарту реформаларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізді.

Негізгі мәселе – қолданыстағы заңнамаға электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедураларын жеңілдетуге бағытталған өзгертулер енгізу.

Мысалы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде екі рұқсаттамалық процедура алынып тасталды және электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарт беру мерзімі, энергия ұсынушы ұйыммен тұтынушының жобалық шешімдерін келістіру мерзімі, сондай-ақ, электрмен жабдықтауға арналған келісімшарт жасау мерзімі  айтарлықтай қысқартылды.

Кәсіпкерлерге, тұтынушыларға белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр құрылғыларын электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру 14 күннен  5 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, енді үш күн ішінде энергия ұсынушы/жабдықтаушы ұйыммен жобалық шешімдерді келістіруге және электр энергиясын жеткізуге келісімшарт жасасуға болады. Бұрын бұл прцедуралар 20 және 7 күн уақыт алатын.

           Белгіленген қуаты 5 МегаВаттқа дейін электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса бермейді.

Сонымен бірге, электр жабдықтау жүйесінің сыртқы қосылуына тұтынушылармен сарапшы тұжырымын алу рәсімі жойылды. Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес энергия тасымалдаушы немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алған соң, жаңадан іске кірістірілетін немесе қайта қалпына келтірілетін электр құрылғыларын қосуға техникалық шартты мына мерзім ішінде береді (техникалық мүмкіндік бар  болса): қуаты 200 кВт-қа дейінгі  — 5 жұмыс күні ішінде;  қуаты 200-ден 1000 кВт-қа дейінгі — 10 жұмыс күні ішінде; қуаты 1000 кВт-тан жоғары — 15 жұмыс күні ішінде.

Техникалық шартты қайта ресімдегені үшін төлемақы алынбайды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсаттама алу қажет емес. Жобалаушы жұмыстың басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына электронды түрде хабарлама жіберсе жеткілікті.

Сонымен қатар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желісіне қосылу үшін рұқсаттама алу да  қажет емес.

Электрмен жабдықтауға келісімшарт жасаудың апталық мерзімі енді үш күн болып қысқартылды.

 

 

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті

Автор: Отдел культуры