Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Әйел – ана, әйел – ұстаз, әйел – дана» кездесу

«Әйел – ана, әйел – ұстаз, әйел – дана» кездесу

06-03-2019 18:47

       Әйелдер –  көрікті, сұлу, нәзік жандар, онымен қатар мықты, батыл жандар, ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді, батырларды  тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аяулы жандардың мерекесі қарсаңында 5 наурыз «Әйел – ана, әйел – ұстаз, әйел – дана» кездесуге №7 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Назым Балтабаева мен   РГТО зауытының инженер-технологы Ляззат Кельдибаева қатысты. Студенттер қатарынан қатысушы әйелдер қауымына арнау оқылып, №7 мектеп-гимназиясының оқушылары да анаға деген құттықтау өлең жолдарын арнады.