Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
 «Аң стилі: қазіргі уақыттағы салттың көрінісі» атты киімдер көрсетілімі

«Аң стилі: қазіргі уақыттағы салттың көрінісі» атты киімдер көрсетілімі

14-03-2019 13:06

          «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарлама аясында және «Ұлы даланың жеті қыры» жобасына сәйкес, сондай – ақ  Наурыз мейрамына орай  13 наурыз   «Аң стилі: қазіргі уақыттағы салттың көрінісі» атты киімдер көрсетілімін Достық Үйінде ұйымдастырды.

         Іс-шарада заманауи сән үрдістерімен үйлескен қазақ ұлттық киімінің коллекциясы ұсынылды. Дефиле әр костюм туралы әңгімемен сүйемелденді.

           Ерекше көрсетілімде дәстүрлі бас киімдер: жартылай ғасырлық тарихы бар кимешек  және екібастұздық шеберлерінің қолынан шыққан тастармен безендірілген жаңа буын сәукелесі көрсетілді. Қолөнер шебері Лидия Колумбаеваның киімдері, балалар көркемсурет мектебінің ұлттық және аң стиліндегі костюмдері, сондай-ақ «Қыз жасауы -  Гүлперизат» қалыңдықтың үйлену той  салонының  киімдері мен «МА» шеберханасының әшекей бұйымдары  көрермендер назарын жаулады.

Іс-шара көрермендерді аң стилі тарихымен таныстырды, көркемдік құрылымның ерекшеліктерін, элементтерін, формаларын, декорын, нышандарын және бейнелерді, сондай-ақ қазақ ұлттық киімдерінің алуан түрлілігінің байлығын бейнеледі.