Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Әбіш әлемі» атты шығармашылық кеш

«Әбіш әлемі» атты шығармашылық кеш

28-03-2019 13:05

       27 наурызда қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдығына орай «Әбіш әлемі» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.         Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Бір ел, бір кітап»  акциясы аясында ұйымдастырылған кітап көрмесі жастар назарын аулады.  Шараға қатысқан Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен колледжі мен Инновациялық Еуразия Университеті Екібастұз колледжінің студенттері жазушының өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытып, ЕКинЕУ колледжінің  студенттері Аманбек Сұлтанбек пен Уалихан Айсымбат Әбіш ағаға арнап шығарған өлең жолдарын оқып берді.