Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ұлы даланың құндылықтары» атты экспозицияның тұсауы кесілді.

«Ұлы даланың құндылықтары» атты экспозицияның тұсауы кесілді.

08-04-2019 14:46

          Кәсіби мереке  - геологтар күні  қарсаңында 6 сәуір «Ұлы даланың құндылықтары» атты экспозицияның тұсауы кесілді. Іс-шараға «Богатырь», «Восточный» және «Майкубень» кеніштерінің геологтары, сондай-ақ Майқайын барлау партиясының құрылуының куәгері, еңбек ардагерлері, №9 орта мектептің археологиялық топтың, Павлодар география үйінің өкілдері мен «Қайнар» ББК-нің «Поколение NEXT» тәлімгерлері қатысты. 
         Тұсаукесерде геолог С.И.Горкунның музейге тапсырған минералдар мен тау-кен тастар жинағы, жас археологтар мүшелерінің табиғатқа экскурсия барысында жиналған, сонымен қатар минералдар мен тау-кен тастар көрмесінде көрсетілген артефактілер ұсынылды.