ШРИФТ КӨЛЕМІ:
↑Наверх
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Батырдың аты өшпес мәңгі» тарихи сабақ

«Батырдың аты өшпес мәңгі» тарихи сабақ

08-05-2019 15:53

      3 мамыр күні  №26 мектеп-гимназиясының 7 ә сынып оқушыларына ҰОС Жеңіс Күніне орай, патриоттық сезімді көтеру мақсатында Кеңес Одағының Батыры, снайперші Әлия Молдағулованың 95-жылдығына арналған «Батырдың аты өшпес мәңгі» тарихи сабақ өткізілді. Батырларымыздың рухын қадірлеп, еске алып 1 минуттік үнсіздік орнады. Шара барысында оқушыларды  қазақтың батыр қызы Ә.Молдағулованың өмірі мен ерлігімен таныстырып, Әлия жайлы бейне ролик және «Мергендер» бейнефильмнен үзінді көрсетілді. Роза Рымбаева орындайтын «Әлия» патриоттық әнін тыңдады.  Тарихи сабақ музейдің экспозициялық залдарындағы ҰОС ардагерлері жайлы мәліметтермен танысумен ұласты.