Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ел сүйетін мақтан бол» атты патриоттық сабақ

«Ел сүйетін мақтан бол» атты патриоттық сабақ

08-05-2019 15:57

       6 мамыр № 11 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Кеңес Одағының Батыры Р.Қошқарбаевтың 95 жылдығына орай «Ел сүйетін мақтан бол» атты патриоттық сабақ ұйымдастырылды. Бұл атаулы шарада 6 «а», «в», 7 «б», 8 «а», 8 «б», 9 «а» сыныптары, Мусина Элина Қазиқанқызы, Сагиндыкова Раушан Рымгалиевна, Абильдина Гульзат Каперовна оқытушыларының ат салысуымен өткізілді.

            Аталмыш шарада «Халық қаһарманы» атағының игері Р.Қошқарбаевтың жеке өмірі және де ерлік жолдары баян етілді. Сондай – ақ бұл алып тұлғаға қатысты слайд, деректі көркем фильмі қолданылды. 9 мамыр Жеңіс күні мейрамына қарсы бұл шарада оқушылар назарына Ұлы Отан Соғыс жайлы мәліметтер ұсынылды. Музей қорынан «1941 – 1945 г. Война годы память», 1945 жылғы 10 мамырда газет басылымы, Кеңес солдаттарының қолданыста болған құрал – жабдықтар, яғни солдат каскасы, сөмке планшет, ұрыс кітапшасы, Поспеловтың күнделігі, құты, неміс солдаттарының қолданысында болған медицина сөмкесі, снаряд гильзясы, пулемет лентасы сында экспонаттар көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш шарада мектеп оқушылар тарапынан «Ұлы Отан Соғыс» тақырыбына қатысты сұрақтар қойылды. Ұйымдастырылған музейлік экспонаттарға ерекше қызығушылық танытты.