Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ертегілер әлемінде» атты шеберлік сағат

«Ертегілер әлемінде» атты шеберлік сағат

05-06-2019 10:54

          Ежелден пайда болған және белгілі ойыншықтың бір түрі - қуыршақ. Адамзаттың тарихында ежелден қазіргі кезге дейіңгі мыңжылдықтардағы адам өмірінің өзгермес серігі - қуыршақтар болды. 1 маусым  Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ертегілер әлемінде» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатты қолөнер шебері, ұстаз Каипбекова Майра Амангелдіқызы қала тұрғындары мен музей қызметкерлеріне өткізді. Нұсқасын тек сол істі ұната отырып, сүйіспеншілікпен, жаныңды сала жасауға болады. Оның бет-әлпеті істеуші адамның сезімі мен көңіл күйінің мінездерін көрсетеді. Бет-әлпеттері бір үлгіде істелінген қуыршақтар суретшінің қылқаламының кішкентай ғана сызу, бояуларының әсерінен әр түрлі келбетке ие болады және  тек қана шығармашылықпен жақсы ойыншық істеуге әкеледі – деді шебер Майра.

Ойыншықтың негізін тығыз матадан тігілген денесі құрайды. Қаңқасыз ойыншықтардың пішінін толықтыратын материалдарды салумен сақталынады. Ойыншықтарды жанын сала, ынтамен жасаған қатысушылар қолынан шыққан қуыршақтарын естелікке алып шеберге өз алғыстарын білдірді.