Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Сәлем – Нұр-Сұлтан» атты асфальтта сурет салу сайысы

«Сәлем – Нұр-Сұлтан» атты асфальтта сурет салу сайысы

08-07-2019 17:43

Отанымыздың астанасы Нұр Сұлтан күні  6 шілде    «Энергетик», «Өркен», «Заря», «Шаңырақ» шығармашылық клубтарының оқушылары үшін «Сәлем – Нұр-Сұлтан» атты асфальтта сурет салу сайысы ұйымдастырылды.   Сайыс жұмбақтар шешуден басталып, сурет салумен жалғасты. «Мир на Земле», «Здравствуй лето» атты тақырыптарда асфальтта сурет салу сайыс ойнатылды. Сайыс шарты: қандай команда жылдам және әдемі сурет салды, сол команда ұпай алатын болды. Олардың жылдамдығы мен ептілігін тексеру үшін эстафета ұйымдастырылды, онда балалар белсене қатысты. Қазылар алқасы мүшелерінің бағалауынша екі топ бірдей ұпайа ие болып, алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында балалар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындады.