Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Ұлттық домбыра күніне «Сал домбыра» көрмесі

Ұлттық домбыра күніне «Сал домбыра» көрмесі

08-07-2019 17:53

     Домбыра - халқымыздың ғасырлар бойғы айнымас серігі. Биылғы 7 шілде  екінші рет Ұлттық домбыра күні тойланды. Осы мерекеге орай «Шахтер» саябағында «Сал домбыра» көрмесі ұйымдастырылды. Экспозиция музей қорындағы атақты әнші, композитор Естай Беркімбаевтың, академик Ә.Маргұланның,  сонымен қатар  Екібастұз қаласының құрметті азаматы Ж.Қоғабай, дәстүрлі әншілер Ж.Қабыкенов пен С.Көпежанов және қала тұрғындарының  домбыраларынан жасалды.