Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ел тірегі–Елбасы» атты музей сабағы

«Ел тірегі–Елбасы» атты музей сабағы

19-07-2019 17:15

         17 шілде «Ел тірегі–Елбасы» атты музей сабағы № 5 орта мектептің мектеп жанындағы «Бірлік» лагерінің оқушылары үшін ұйымдастырылды. Қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдері мен еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғам мен мемлекет өміріндегі тарихи рөлі туралы баяндайтын «Ел еңсесін көтерген Елбасы» көрмесімен танысты. Аталған көрменің экспозицияларында Мемлекет басшысы, оның өмірбаяны, еңбек қызметі туралы фотоқұжаттық материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өмірі мен қызметі туралы деректі фильм, сондай-ақ музей қорынан эксклюзивті материалдар, бірегей ретро фотосуреттер ұсынылды.