Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Заң – ел кепілі» атты музейлік сабақ

«Заң – ел кепілі» атты музейлік сабақ

03-08-2019 15:44

Заң – мемлекеттің тірегі, кепілі. Заңсыз өмірімізді елестету мүмкін емес, өйткені заң жоқ жерде тәртіпсіздік, бұзақылық, ұрлық, зорлық, тонау болады. Сондықтан заң, ереже деген түсінік ертеден ата-бабаларымыздың заманынан бастап келе жатқан асыл мұра. Қазақтың ұлт болып нығаюына маңызды үлес қосқан кіші жүздің биі, қоғам қайраткері, шешен Әйтеке бидің 375-жылдығына 2 тамызда «Шаңырақ» шығармашылық клубының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Заң – ел кепілі» атты музейлік сабақ өткізілді. Жалпы музейлік сабақтың мақсаты Ата заңымыздың маңыздылығын, оған негіз болған Тәуке ханның «Жеті жарғы» жайлы мәлімет беріп, заңды құрметтеуге шақыру, сондай-ақ бабаларымыздың заманындағы шешен билеріміздің жұмысының мәнін анықтау болды.