Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Семей полигоны: ХХ ғасырдың апаты» атты музейлік сабақ

«Семей полигоны: ХХ ғасырдың апаты» атты музейлік сабақ

10-09-2019 18:37

         28 тамыз коворкинг №3 кітапханасында «Семей полигоны: ХХ ғасырдың апаты» атты музейлік сабақ өтілді. Аталмыш шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Тарихты ақтара қарасақ, қарапайым халықты қан жылатқан, ұмытылмас етіп тамырын терең жайған тарихи оқиғалар қатарын толықтырған ядролық сынақтардың кіндігі Семей полигоны. Биыл Семей ядролық полигонның соңғы жарылысына 30 жыл толды.