Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Мамандығым мақтанышым» атты музейлік сабақ

«Мамандығым мақтанышым» атты музейлік сабақ

30-09-2019 19:08

         Әр адам белгілі бір жасқа толғанда, мамандық таңдау туралы ойлайды. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екенін және жыл сайын 500-ге тарта түлі қосылып отырады. Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі –өрт сөндіруші қызметі. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер мамандықтарына адамдар мен қоғамның қатынастарының тікелей көрінісі – ең бастысы төтенше жағдайлар комитеті қызметінің бейнесі мен беделі. 18 қыркүйек «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің № 2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде«Мамандығым мақтанышым» атты музейлік сабағы өткізілді. Сабақ барысында бөлімше командирі, аға сержанты Ерғанат Султанов өрттен, оттан сақтану жолдарын, өрт өшіретін құралды пайдалануды көрсетіп түсіндірді.Сонымен қатар адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін атап өтті. Іс-шараға қатысқан № 17 мектептің 9 «ә» сынып оқушылары сұрақтарға жауап алып, ризашылықтарын білдірді.