ШРИФТ КӨЛЕМІ:
↑Наверх
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
 23-28 қыркүйек аралығында музей маманы Т. Бейсембаева Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған Алтын Орда ескерткіштері бойынша ғылыми-танымдық экспедицияға қатысты.

23-28 қыркүйек аралығында музей маманы Т. Бейсембаева Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған Алтын Орда ескерткіштері бойынша ғылыми-танымдық экспедицияға қатысты.

30-09-2019 19:23

             23-28 қыркүйек аралығында музей маманы Т. Бейсембаева Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған Алтын Орда ескерткіштері бойынша ғылыми-танымдық экспедицияға қатысты. Оның құрамына жас тарихшылар, географтар, өлкетанушылар, студенттер, журналист-блогерлер, суретшілер және түсіру тобы кірді. Экспедиция Жастар жылы аясында ұйымдастырылды, сонымен қатар Алтын Орданың 750 жылдығына арналған жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.  Сондай-ақ «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Тұңғыш Президент қойған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Экспедиция қатысушылары Алтын Орда дәуіріндегі ескерткіштерді зерттеді. Маршрутқа Қарағанды облысында орналасқан Хан Ордасы қалашығына, Жошы хан, Алаша хан, Аяққамыр, Болған-Ана, Белен-Ана, Құлан-Ана кесенелеріне және басқа да қасиетті орындарға бару кірді. Қатысушылар Алтыншоқы шыңына, Басқамыр және Аяққамыр тауларына көтеріліп, Теректі әулие археологиялық кешенінде болды.