Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Жүсіпбек Аймауытовтың рухани мұрасы» атты әдеби кеш

«Жүсіпбек Аймауытовтың рухани мұрасы» атты әдеби кеш

25-10-2019 17:08

          24 қазан № 3 кітапхананың коворкинг орталығымен бірлесе отыра жазушы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы Ж.Аймауытовтың 130-жылдығына «Жүсіпбек Аймауытовтың рухани мұрасы» атты әдеби кеші өтілді.  ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің көшбасшысына айналған жазушы әдебиеттің барлық жанрында дерліктей еңбек етті және өзі қалам тартқан жанрдың қай-қайсысында да болсын, көрнекті туындылар жазып, кемел де көркем дүниелер жасады. Жазушының әрбір шығармасының негізгі өзегі халықшылдығында. Ол не жазса да халқының, ұлтының ертеңі үшін қажетті дүниелерді қаламына серік етті. Оның қаламынан туған дүниелер көркемдігі келіскен, оқыған адамның көкейіне ой салатын мақалардың, өлеңдердің, романдардың иесі. Шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Ерейментау ауданының құрметті азаматы ақын-жазушы С.Байбосын, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Сəрсенбекова, коворкинг орталығының оқырмандары және № 18 мектептің 9 «в» сынып оқушылары қатысты.