Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Страна утренней свежести» саяхат сабағы

«Страна утренней свежести» саяхат сабағы

29-01-2020 17:46

      17 қаңтар корей халқының жаңа жылды тойлау дәстүріне орай «Страна утренней свежести» саяхат сабағы ұйымдастырылды. Кәрістер – Қазақстанда тұратын көптеген халықтардың бірі. Олар өз елін, туған жерін сүйеді, бірақ өз тамырларын есте сақтайды, өз мәдениетін, салт-дәстүрін, ұстанымдарын сақтайды. Бұл елдің тарихында көптеген қызықты сәттер бар.
       Мерекелік іс-шарада №6 лицей-мектебінің 6 "Д" сынып оқушылары корей халқының мәдениеті, дәстүрлі киімдері туралы, Корея қару қолданбайтын «Таэквондо» жекпе-жек өнерінің отаны екені, корей халқының ұлттық атрибуты-қабырғалық веер, кәріс отбасының негізі болып саналатын – туыстарын құрметтеу жайлы мәлімет ала алды. Іс-шара халықтар достығы туралы өлеңдерімен аяқталды.