Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Болу үшін жаралған туған  жердің жырауы» атты  әдеби-поэзиялық  кеш

«Болу үшін жаралған туған жердің жырауы» атты әдеби-поэзиялық кеш

29-01-2020 17:54

     22 қаңтар шығармашылығы даналықпен дараланған, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі, туған жерге деген ыстық ықыласы мен махаббатын жырлап өткен қазақтың атақты классик ақыны, поэзия алыбы Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына «Болу үшін жаралған туған  жердің жырауы» атты  әдеби-поэзиялық  кеші  болып өтті. Шараға қала ақындары, №25 қазақ қыздар гимназиясының  9-10 сынып,  №26 мектеп-гимназиясының  9 сынып  оқушылары қатысты.