Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ана тілі – жүрек үні» атты поэзиялық мереке

Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ана тілі – жүрек үні» атты поэзиялық мереке

12-02-2020 11:54

         Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175-жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Қазақтың данышпан ақыны, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ана тілі – жүрек үні» атты поэзиялық мерекеде Абайдың өлеңдері, қара сөздері мен аудармалары жатқа айтылып, Абай рөлі  сомдалды.