Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Мы помним, мы знаем» атты кездесу

«Мы помним, мы знаем» атты кездесу

17-02-2020 12:35

      Ауғанстаннан соңғы жауынгердің шығарылғанына да 15 ақпан күні 31 жыл толмақ. Бұл кездесу - ауған соғысында қаза тапқан, ерлік көрсетіп арамызда жүрген ардагерлерімізге құрмет көрсету. 14 ақпан «Мы помним, мы знаем» жиынының қаһармандары интернационалист жауынгерлер, ауған соғысының ардагерлері М.Н. Абрашимов, Т.Ж. Қанышев, К.Б. Хасенов, А.Д. Жоланов, Х.Ш. Баймағамбетов, Б.Е. Құлтанов, Қ.Қ.Мешітбаев, С.Рыспаев болды. Тәжік-ауған шекарасындағы қазақ батальонының мүшесі Арман Құрманғалиев жекпе-жек өнерінің әдіс-тәсілдерін көрсетті. «Мы знаем, мы помним» кездесу кеші ізгі тілектермен, жылы сөздермен шара қатысушыларына алғыс хат табыстаумен және естелікке суретке түсумен аяқталды.