Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Жазушы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанов» атты әдеби кеш

«Жазушы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанов» атты әдеби кеш

21-02-2020 16:21

       Есімі қазақ әдебиетінің алыптар шоғырында аталатын ұлы жазушылардың бірі Сәбит Мұқановтың туғанына биыл 120 жыл толып отыр. «Жазушы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанов» атты әдеби кешке Екібастұз қалалық № 26 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың назарына «Жазушының жұмыс бөлмесінің» инсталляциясы ұсынылып, әр жәдігердің тарихымен танысты. Сәбит Мұқановтың балалық шағынан көрініс беретін видеоролик тамашалап, кешімізді әрі қарай жалғастырдық. Жазушының тырнақ алды туындысы «Сұлушаш» трагедиялық романының қысқаша мазмұндамасы жасалды. Жазушының мәнді де мағыналы ғұмыры, артына қалдырған мұрасы сақталған әдеби-мемориалды музейіне виртуалды экскурсия жасап, видеофильм тамашалады. Оқушыларды жазушы шығармашылығымен таныстыру мақсатында жазушының өлең қоржынынан «Сыбызғының сыры», «Мұғалім», «Малшының мақтанышы», «Туған еліме» өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыды.