Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Қазақстан – бірлігі бекем, тағдыры орта - Мәңгілік Ел» атты диалог алаң

«Қазақстан – бірлігі бекем, тағдыры орта - Мәңгілік Ел» атты диалог алаң

26-02-2020 11:32

       Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25-жылдығына, «Полония» поляк этномәдени орталығының 20-жылдығына «Қазақстан – бірлігі бекем, тағдыры орта - Мәңгілік Ел» атты диалог алаңы өтті. Диалог алаңына арнайы шақырылған қонақтар Достық үйі «Полония» поляк этномәдени орталығының өкілдері және төрайымы Ильюшенкова Валентина Ивановна  болды. Студенттерге поляк халқының басынан өткізген тағдыры, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тәлім-тәрбиесін, рухани-мәдени, тарихи мұрасын «Полония» поляк этномәдени орталығының төрайымы Ильюшенкова Валентина Ивановна толық баяндап берді. «Завше млоды» ансамблінің ардагерлері «Вавэлю» әнін орындаса, Ясинских отбасылық дуэті Анна Германның репертуарынан «Эхо любви» әнін әуелете шырқады. В. И. Ильюшенкова өзінің Қазақстан Республикасы жайлы авторлық өлеңін оқыды. Пани Ядвига Наугольнова «Гуралю» әнін жеке дауыста орындады. «Полония» өкілдері өнерлерін ортаға салып, жеткен жетістіктерін фото-слайд арқылы көрсетіп, диалог алаңы еліміз жайлы «Қазақстан» әнімен өз мәресіне жетті.