Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Жарқын мереке – ана күні»

«Жарқын мереке – ана күні»

11-03-2019 17:28

  Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған шараға «Екібастұз қаласының тұрғындарына әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі» ҚММ – нің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсету бөлімінің» балалары мен әлеуметтік қызметкерлері шақырылды.

  Шара басында кітапханашы Т.Е. Ракишева мерекенің тарихы туралы, адам өміріндегі ананың алатын орны жайлы баяндап берді. Содан соң Бесембаева Г., Кадникова Н., Сағадат Е.  көктем мен ана туралы өлеңдерді оқыды.

   Шараның ойын бөлімінде қатысушылар «Әйелдердің қайсысы армандамайды?» атты сөздік ойынын ойнады; «Мерекелік мәзірде» көктем, ана, 8 – наурыз жайлы  викторина сұрақтарына , тақырыптық жұмбақтарға жауап берді. Сондай – ақ, балалар қыздарға арналған кітаптармен танысты.

 Ойын бағдарламасының соңында «Мамонт балақайдың мамасы» атты мульфильм тамашаланды.

 

 

 

Автор: Кітапхана жүйесі