Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

"Жұлдыздармен аспанға қалықтаған "

11-04-2019 12:39

  Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері № 24 мектеп-гимназиясының 5"Б" сынып оқушылары үшін "Жұлдыздармен аспанға қалықтаған "атты видеокруиз өткізді.

Іс-шара тұңғыш ғарышкер Ю. А. Гагариннің 85 жылдығына орай және ғарышкерлер күніне арналды.

Кітапхана қызметкері Т. Е. Ракишева оқырмандарын  ғарышкерлер күнімен құттықтай отырып,  Ю. А. Гагариннің алғашқы ғарыштық ұшуының рөлі мен маңызы, ғарышты игеру тарихы , күн жүйесінің планеталары туралы әңгімелеп берді. Кітапханашы Т. Ю. Хохлова балаларға ғарыш жайлы презентациямен және қазақстандық ғарышкерлер Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А. Айымбетовтің өмірбаяндары мен ерліктері жайлы айтып берді.

Бұл шарада  "Ғарыштық жұмбақтар", "Ғарыштық ережелер" атты ауызша ойындар ойналды. Сұрақ жауап арқылы "Ғарыш білгірлері" атты викторина ұйымдастырылды.

Сонымен қатар видеокруиз соңында әдебиетке шолу жұргізілді.

Автор: Кітапхана жүйесі