Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

"Сау бол"

12-04-2019 16:15

 7 сәүір күні әлемнің әр түпкірінде "Денсаулық күні" өтеді.

Орталық қалалық балалар бөлімінде зағип және нашар көретін азаматтарға  "Сау бол" атты көрме-кеңес ұйымдастырылды.

Шара барысында кітапханашы  Ю.С. Казанцева кітапханадағы мерзімді басылымдармен өз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын жандарға  пайдалы журналдармен таныстырды ("Денсаулық", "Өзін – өзі тану", "Қызықты психология", "Отбасы және деңсаулық", "Здоровье", "Психология"). Сонымен қатар көрмеге дүрыс тамақтану, дене шынықтыру, емдік шөптерді дүрыс пайдалану жайлы кітаптар қөрсетілді. Соңында  оқырмандар көрмемен танысып, журналдардан қызықтырған мақалаларды алды.

Автор: Кітапхана жүйесі